Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда
Халықаралық ғалымдар Израилде ортағасырлық терең туннелдерді тауып, Орталық Азиядан келген Мәмлүктер дәуіріндегі озық инженерлік шешімнің ғажайыбына тәнті болып жатыр.
Тиісті зерттеулердің қорытындысы «Water History» журналында жарияланды.
«Израильдегі қазбалар кезінде халықаралық археологтар тобы Мәмлүктердің билік еткен заманындағы ортағасырлық жерастыжолдарының кең тармақталған жүйесіне тап болды. Бұл жүйе сол кезеңде ұзақ уақыт бойы қант өндірісін энергиямен қамтамасыз етіп отырған. Бұл туралы Иерусалимдегі Еврей университетінің басшылығы бірінші болып хабарлады», – деп жазды ғылыми журнал.
Тереңдегі жерасты туннелдері қазіргі «Ган Хашлош ұлттық археологиялық паркінің» аумағынан табылды. Бұл туннелдер бірнеше жаңашылдығымен таңдандырады.
Біріншіден, ол Нахаль Амаль шатқалын бойлай, туф жынысын тесе отырып, салынған. Қазіргі кезде мұндай жұмыстарды тек арнайы мамандандырылған заманауи машиналар ғана жасай алады.
Екіншіден, бұған дейін ғалымдар суды жеткізу үшін пайдаланылған жерүсті құбырларын, акведуктарды кездестіріп, зерттейтін. Ал, мәмлүктер суды жеткізу үшін жерасты туннелдерін пайдаланған.
Үшіншіден, жерасты «құбырлары» бірнеше су диірменін жұмыс істеткізген. Ол диірмендер XIV–XV ғасырларда қант құрағын өңдеп, одан құмшекер алуға пайдаланылған.
Ғалымдар бұл теңдесі жоқ инженерлік шешімдерге кездейсоқ тап болды. Өз астанасын Тель-Авивтен барша мұсылман үшін қасиетті Иерусалимге көшірген Израиль осы өңірден Палестинаны ығыстырып, жер телімдерін белсенді басып алып, игеруде. Water History журналына сілтеме жасап, Poisknews.ru жазуынша, осы ауданда құрылыс салу, инфрақұрылымдық жұмыстарды жүргізу үшін археологтарға алдымен ғылыми ізденістер жүргізуге тапсырма беріледі.
«Ғылыми ізденіс кезінде жартаста қатар, параллельді тұрған 5 тесік табылды. Бұл құрылғылардың инженерлік дәлдікпен жасалуы олардың гидравликалық мақсатта, яғни, құбырлар мен гидротехникалық құрылыстарды тұрғызуға қолданылғанына нұсқады. Ол замандарда адамзат, соның ішінде барша Еуропа жаппай жерүстіндегі арналарды,ашық акведуктарды пайдаланған. Бірақ біз ол кезде суды жеткізу үшін жерасты тоннелдері қолданылғанына енді куә болып отырмыз. Бұл –Дүниежүзілік тарихты жаңартатын керемет ашылым!», – дейді зерттеушілер тобына жетекшілік еткен, Еврей университетінің Жер туралы ғылымдар институтының профессоры Амос Фрумкин.
Ғалымдар жерасты су арналарының Мәмлүк дәуірінде тұрғызылғанынғылыми дәлдеді. Мұны тарихи деректер де куәландырады: оларға сәйкес, мәмлүктердің арқасында осы киелі жердегі Бейт-Шеан алқабы Жерорта теңізі өңірінің шығыс бөлігіндегі қант құрағын өсірудің жәнеоны жаһан нарығына экспорттаудың маңызды орталығына айналды.
Зерттеушілер мәмлүктердің орта ғасырларда ойлап тапқан инновациясының терең мәніне ары қарай бойлауда. Олардың тұспалдауынша, туннелдер арқырап аққан су ағынын диірменнің қалақшалары орнатылған көлденең дөңгелектеріне бағыттап отырды.
Осы арқылы диірменнің ауыр тастары қозғалысқа келіп, қант құрағын ұнтақтаған. Осылайша, біздің байырғы ата-бабаларымыз бұл үрдісті сол кезде «автоматтандырды», адамның қатысуын барынша азайтты.
«Бұл өнертабыс сол кездің өзінде гидрологияны өнеркәсіппен біріктірді. Оңтүстік Левантадағы ортағасырлық инженерлер ғаламат тапқырлық пен жасампаздық танытқан. Осының арқасында олар жергілікті аса шектеулі су ресурстарын түрлі мақсатта, соның ішінде орнықты қуат көздерін жасауға жарата білді», – деп нықтады профессор Фрумкин.
Материал авторы