297

ШҚО-да күнбағыс майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып қалды

Өскемен – Семей тасжолында DAF жүк көлігі жыраға аударылып түсті.

ШҚО-да күнбағыс майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып қалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында күнбағыс майын тасымалдаған жүк көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға кеше Өскемен – Семей тасжолында болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, DAF XF маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, кюветке аударылған.

Апат салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оған әкімшілік айыппұл салынбай, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту ғана берілген.

Жүк көлігін жолдан шығару және тасымалданған өнімді қайта тиеу жұмыстары тек бүгін, 22 қаңтарда басталды. Арнайы техника тартылып, көлікті қайта дөңгелегіне тұрғызу жұмыстары жүргізілді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор