Альмира Тұрсын мен Ақан Сатаев қызды болды (ФОТО)
«Томирис» жұлдызы екінші рет ана атанды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса, «Томирис» фильміндегі басты рөлімен танылған Альмира Тұрсын екінші рет ана атанды. Қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, перзентханадан алғашқы фотосын жариялады.
Актриса жаңа туған сәбиінің есімін де көпшілікке таныстырды. Қыз балаға Айя-Сафия деген есім қойылған.
«Бізде қыз дүниеге келді — Айя-Сафия. Бұл — менің арманым, дұғам, Жаратқанның жауабы мен сыйы. Аллаға шүкір», — деп жазды Альмира Тұрсын.
Instagram парақшасында жарияланған суретте актриса перзентхана палатасында сәбиін қолына алып отыр. Екі баланың анасы болған өнер иесінің жүзінен ерекше мейірім мен тыныштық аңғарылады.
Айта кетейік, бұған дейін Альмира Тұрсын жүктілік кезінде гендер-пати өткізбейтінін айтып, болашақ сәбиінің жынысын алдын ала жариялаған еді.
Материал авторы