402

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген күдікті ұстау кезінде оққа ұшты

Полиция қаскөйге қарсы қару қолдануға мәжбүр болған.

Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген күдікті ұстау кезінде оққа ұшты
mvdmedia.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте әйел адамды пышақтап өлтірген ер адамды ұстау кезінде полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды.

Полицияның мәліметінше, күдікті марқұмға жеке бас араздығы негізінде шабуыл жасаған. Ер адам әйелге бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақаттаған. Жәбірленуші жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қылмысты көрген куәгерлер дереу полицияға хабар берген.

Күдікті оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Ол қарулы болған және ұсталу кезінде белсенді қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты полиция қызметкерлері табельдік қару қолданған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті «ізін суытпай» қолға түскен. Ол оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталуда.

Материал авторы