461

Ақтауда жоғалған 38 жастағы әйел бір аптадан бері табылмай жатыр

Полиция іздеуді тәулік бойы жүргізуде.

Ақтауда жоғалған 38 жастағы әйел бір аптадан бері табылмай жатыр
полиция департаменті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда 38 жастағы әйел жоғалып кетті. Ол 30 қаңтарда 35-ші шағын аудандағы үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті әйелді іздеуге толыққанды шаралар жүргізіп жатыр. Криминалдық бөлім қызметкерлері видеокамера жазбаларын тексеріп, оның ықтимал жүріс бағытын анықтауда. Сондай-ақ туыстары, таныстары және мүмкін куәлар сұралып, іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

Іздестірілетін әйелдің белгілері: бойы 150–155 см шамасында, шашы қоңыр түсті.

Полицияға әйелдің орналасқан жері туралы ақпарат білетіндер төмендегі телефондарына хабарласуы сұралады: 47-48-10, 47-48-32, дежурная часть: 47-48-02, +7 771 362 41 41 немесе 102.

Материал авторы