Қандастар өңірлік квотаға өтінішті eGov.kz пен eGov mobile арқылы бере алады

25.04.2023, 19:54
599
Қандастар өңірлік квотаға өтінішті eGov.kz пен eGov mobile арқылы бере алады smartnews.kz

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша мемлекеттік қызмет eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында да көрсетіледі.

Бұл туралы smartnews.kz сайты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз үшін мемлекеттік қызметтер Қазақстанның барлық азаматтары мен тұрғындары үшін ыңғайлы және қолжетімді болуы маңызды. Бүгінгі таңда біздің елімізде қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шаралары көптеп жасалып жатыр. Енді олар өңірлік квотаға енгізуге өтінімді ХҚКО мен басқа мекемелерге бармай-ақ, eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде бере алады», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңа қызметті eGov.kz порталында «Азаматтарға» - «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінен табуға болады. Дәл осы қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Қызметтер» - «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде орналастырылған.

Өтінім беру үшін пайдаланушыға:

- дербес деректерді пайдалануға келісімді растау керек;

- квота беретін аймақты таңдау қажет;

- өтініш беруші туралы мәліметтерді толтыру керек;

- қазақ және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен паспорттың көшірмесі енгізу керек;

- неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмелерін (бар болса) қосу;

- белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерін қосу;

- өтінішке бір реттік парольмен немесе ЭЦҚ арқылы қол қою.

Қызмет нәтижесі қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім немесе бас тарту туралы жауап түрінде Жеке кабинетте 14 жұмыс күні ішінде пайда болады.

Қызмет іске қосылған сәттен бастап 272 адам eGov.kz порталы арқылы өңірлік квота алуға өтініш берген.

Өңірлік квота қандастарды Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан мен Абай облыстарына қоныстандыру үшін ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге бөлінеді.

Бұл ретте өңірлік квотаға енгізілген қандастарға көшуге субсидиялар (отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен біржолғы төлем) және 12 ай ішінде жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын жабуға (бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде) мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді.

Сонымен қатар, қандас мәртебесін алған этникалық қазақ мына қызметтерге қол жеткізе алады:

- ел аумағына кірген кезде көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлікке кедендік төлемдерді төлеуден босату;

- қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында тегін бейімделу және интеграциялық қызметтермен қамтамасыз ету;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің оқу ұйымдарына түсуге квоталар шеңберінде білім алу (Қазақстан Республикасында азаматтығы ұлты қазақ адамдар үшін квота 4% мөлшерінде белгіленген);

- Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралармен қамтамасыз ету;

- мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға өтініш беру мүмкіндігі.

Бұдан басқа, 2023 жылғы наурыздан бастап тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады