Майамидегі DIMASH нөмірімен жүрген көлік халықтың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Видеоны желі қолданушылары қызу талқылады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жанкүйерлерді Майами трассасында ерекше сәт толқытты. Алдыңғы көліктің нөмірінде DIMASH жазуы тұр. Бұл сәт әлеуметтік желілерде тез таралып, көпшіліктің жүрегін жаулап алды.
Флорида штатының Майами қаласындағы тасжолында жүргізуші алдыңғы көлікте DIMASH деп жазылған нөмірді байқап, ерекше сезімге бөленді.
«Секундқа жүрегім тоқтап қалғандай болды. Сөйтсем, Флоридада емес, Қазақстанда жүргендеймін», – деп жазды видео авторы.
Желіде көпшілік қазақ әншісінің танымалдығы шекара білмейтінін атап өтті:
«Керемет! Димаштың танымалдығы шексіз!», «Мүмкін, бұл Димаштың бір фанаты шығар», «Қол бұлғап, сигналь берсең керемет болар еді»
Қазақстандық орындаушының фанаттары бүкіл әлемде көп. Сондықтан алыс АҚШ жолында кездескен мұндай сәт олардың үшін таңқаларлық емес. Бұл оқиға Димаштың тек ел ішінде емес, халықаралық аренада да сүйікті екенін тағы бір дәлелдеді.
Материал авторы