Әнші Мархаба Саби 10 жыл күткен сәбиін дүниеге әкелді
Танымал әнші жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мархаба Саби қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі көптен күткен сәбиін дүниеге әкелгенін хабарлады.
Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желі арқылы жариялады. Ол әсерлі бейнеролик жүктеп, алдымен жүкті күйіндегі сәтін, ал келесі кадрда қолына жаңа туған нәрестесін ұстап тұрғанын көрсетті.
Бейнежазбаның астында Мархаба Саби: «10 жыл күткен сәбиіміз, қош келдің», – деп жазды.
Жарияланым қысқа уақыт ішінде мыңдаған қолданушының назарын аударып, тоғыз мыңнан астам «лайк» жинады. Әншінің тыңдармандары мен әріптестері жас ана мен сәбиге ақ тілектерін жаудырды.
Желі қолданушыларының кейбірі әншінің тұрмыс құрғанын да енді ғана білгендерін айтып, таңданыстарын жасырмады. Пікір жазғандар арасында «Қандай тамаша жаңалық!», «Сәбиге ұзақ ғұмыр тілейміз», «Ең сүйікті әншілерімнің бірі» деген жылы лебіздер көп болды.
Материал авторы