419

Таразда «үйіме ұры түсті» деген әйелдің өтірігі әшкереленді

Әйел күйеуіне айтпай алтындарды сатып, полицияға үйге ұры түсті деп хабарлаған.

Таразда «үйіме ұры түсті» деген әйелдің өтірігі әшкереленді
ЖИ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласында үйіне қарақшы кіріп, тонап кетті деп полицияға шағымданған әйел жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Әйел құқық қорғау органдарына белгісіз бетперде киген ер адамның үйіне кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткенін айтқан.

Полиция бұл мәліметті ауыр қылмыс ретінде қабылдап, дереу тексеру жұмыстарын бастаған. Тергеу тобы құрылып, жедел қызметкерлер жұмылдырылып, іздестіру шаралары жүргізілген.

Алайда тексеру барысында ешқандай шабуыл болмағаны анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, әйел бұл оқиғаны күйеуімен жанжалдан қашу үшін ойдан шығарған. Ол бірнеше ай бұрын алтын әшекейлерін күйеуіне айтпай сатып жібергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша қасақана жалған қылмыс туралы хабарлау бабымен тергеу басталды. Полиция мұндай әрекет заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор