«Самұрық-Қазына» компаниясында құжат айналымы 68% орысша жүргізіледі

27.04.2023, 12:54
620
«Самұрық-Қазына» компаниясында құжат айналымы 68% орысша жүргізіледі smartnews.kz

Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлттық компаниялардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне жүргізілген мониторинг қорытындысы талданды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгінде мемлекеттік тілдің мембасқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі екені «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 4-бабында көрсетілген.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы таратқан мәліметке сенсек, биылғы І тоқсанда ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 73% құраған.

Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37%-ке артық (2022 жылдың І тоқсаны – 36%).

Дегенмен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (32%), «Қазақстан темір жолы» АҚ (43%), «Қазпошта» АҚ (57%), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (61%), «Байтерек» ҰБХ АҚ (67%), «ҚазМұнайГаз» ҰҚ (69%) және т.б. көрсеткіштері әлі де төмен.

Ал «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (82%), «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (82%), «KEGOK» АҚ (84%), «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (85%), «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (87%) құжаттарын қазақ тілінде жүргізуде өсім байқалады.

Жиын бағдарламасына сәйкес «Kegoc» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарып жатқан жұмысы жайында баяндама жасады.

Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Ходжабергенова шараны қорытындылай келе, ұлттық компаниялардың ішкі құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды Путин гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады Астанада Жеңіс күніне арналған «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды мереке өтті Астанада ЖИ және робототехника бойынша алғашқы халықаралық конференция өтуде «Қайрат Нұртас бір той үшін 5 млн теңге алады»: Әншілердің гонорары белгілі болды Атыраулық 5 жасар дирижер министр Алғыс хатын алды (ВИДЕО) Енді ұсақ берешек үшін кәсіпкердің шоттары бұғатталмайды Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы Қазақстан сарбаздарына құрмет көрсетті Елімізде алғаш рет роботтың көмегімен операция жасалды Сәкен Майғазиевтің анасы президенттен марапат алды Президент Кремль сарайында өткен мерекелік концертті тамашалады Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльге барды «Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды