Kazakh Invest басқарушы директоры Азамат Қожанов: Жасыл сутегі жобасы – болашаққа инвестиция

28.04.2023, 10:23
803
Kazakh Invest басқарушы директоры Азамат Қожанов: Жасыл сутегі жобасы – болашаққа инвестиция smartnews.kz

Өткен жылы «жасыл» сутегін өндіру туралы инвестициялық жобаға қол қойылған еді. «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожановтың сөзінше, аталған жоба – болашаққа салынған инвестиция.

«Жоба – болашаққа салынған инвестиция, сонысымен ерекше. «Жасыл» сутегінің нарығы 10 жылдан кейін 100 миллиард доллардан асады. Ал, нарықтағы негізгі өнім жеткізушілер қатарында қалғымыз келсе, мұндай жобалармен қазір айналысу керек», - деді спикер.

Қазақстан 2022 жылы Швеция мен Германияның «Svevind» бірлескен компаниясымен бірге «Жасыл сутегі» жобасына қол қойды. Алайда, жобаны жүзеге асыруды бастамас бұрын, зерттеулер мен сараптама жасап, кадр дайындауды қолға алған жөн.

«Мұның ұзақ мерзімді жоба екенін түсіну керек. Бұл жоба екі жақ үшін де тиімді. Оның ең басты артықшылығы – ауқымды жоба болғандықтан, соның есебінен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өнімдер бізге бәсекеге қабілетті болуымызға жағдай жасайды, олардың өзіндік құны төмен болады. Біз шетелдік инвестиция арқылы өз құзыретімізді арттырып жатырмыз. Демек, инвесторлар есебінен біз мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлмей, ірі капиталды қажет ететін жобаларды экспорттауды және жүзеге асыруды зерттейміз. Бүгінде осы келісімге сәйкес, Қазақстан 2030 жылдан бастап 2 миллион тонна «жасыл» сутегін өндіреді, бұл – ЕО-ның осы өнімге деген қажеттілігінің бестен бірі. Жобадағы басты мәселе – тасымалдау. Бұл оңай сұрақ емес, бірақ технологияның тиімділігі артып келеді. Қазіргі инвестициялар аясында ғана біз бұл инвестициялық бастаманың Қазақстан Республикасында қаншалықты тиімді екенін түсіне аламыз», - деп түйіндеді сөзін Азамат Қожанов.

Еске салайық, 2022 жылы Қазақстан 28,5 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартқан еді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады