270

Астанада 15 жасар жасөспірім жоғалып кетті

Үйінен шығып кетіп әлі оралмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр.

Астанада 15 жасар жасөспірім жоғалып кетті
t.me/POLICE_of_KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының ІІД 15 жасар Қамбар Мәлібек Бахтиярұлының іздестіріліп жатқанын хабарлады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-каналы жазды.

Жасөспірім 15 наурызда үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған.

Іздеу сипаттамалары:

Бойы: шамамен 160–165 см

Денесінің пішіні: орташа

Киімі: қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім

Полиция Қамбар туралы қандай да бір ақпарат беруге шақырады. Қамбардың қайда екені туралы мәлімет болса, төмендегі телефондарға хабарлауға болады:

8-775-817-16-32

8-705-311-78-53
немесе «102» арнасы арқылы

Кез келген ақпарат жасөспірімді қауіпсіз үйіне қайтаруға көмектесуі мүмкін.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор