309

Таразда банктің жанынан ер адамды атып кеткен

Қымбат көлік дауы трагедияға айналды.

Таразда банктің жанынан ер адамды атып кеткен
ИА «Первое областное»

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласында 35 жасар ер адамның өлі денесі атыс жарақатымен табылып, осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бастапқы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Алынған мәліметтерге қарағанда, трагедия 29 наурыз күні таңертең Сүлейменов көшесіндегі банк бөлімшесінің маңында орын алған. Қаза тапқан азамат бұрын жергілікті бір нан зауытының басшысы болып жұмыс істеген.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға себеп ретінде қымбат автокөлікті сатып алу мәселесіне байланысты ірі қаржылық дау болуы мүмкін.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өлі дененің табылғанын растады және ресми тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.

«Тараз қаласында ер адамның өлі денесін табу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сондай-ақ, дәлелдемелерді жинау және бекіту жұмыстары жүріп жатыр», – деп хабарлады полициядан.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор