«Бауыздаймын сені»: Астанада пышақ ұстаған жартылай жалаңаш ер адам балаларды шошытты
Куәгерлердің айтуынша, күдікті айқайлап, қолындағы пышақпен қорқытқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада тұрғын үй ауласында болған оқиға жұртты алаңдатты. Куәгерлердің айтуынша, Петров көшесіндегі №2 үйдің ауласында жартылай жалаңаш ер адам пышақ ұстап, айқайлап, балаларға үрей туғызған. Оқиға балалар алаңында болған.
Тұрғындар дереу полиция шақырып, жағдай қысқа уақытта бақылауға алынған. Оқиға сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы күдікті ұсталып, Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Оған қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Материал авторы