Ақтөбе облысындағы Dombyra party шарасына 6 мың жас домбырашы қатысты

01.05.2023, 16:11
696
Ақтөбе облысындағы Dombyra party шарасына 6 мың жас домбырашы қатысты t.me/Aktobe_region

Бүгін Ақтөбе өңірінің барлық аудандарында және облыс орталығында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Ел бірлігі: қасиетті домбыра» атты Dombyra party іс-шарасы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Өңір басшысы Қазақстан халқының бірлігі күні достықты, патриотизм мен бейбітшілікті насихаттайтын мереке екенін атап өтті.

«Біздің тәуелсіздігіміз бірлікпен, қоғамдық келісіммен және тұрақтылықпен тығыз байланысты. Бірлік күнінде ұйымдастырылған «Ел бірлігі: қасиетті домбыра» іс-шарасын өткізуіміз өте символдық мәнге ие. Өйткені домбыра қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы. Ұлы даланың ұлттық аспабының үні Ақтөбе шаһарына, барлық аудан орталықтарына жеткізілді. 6000 бала қазақ халқының көрнекті композиторларының өлмес шығармаларын бір мезетте орындау арқылы ұлттық музыкалық аспапқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. Бұл үшін көп рахмет. Осындай өскелең ұрпағы бар Қазақстанның болашағы зор», - деп атап өтті өңір басшысы.

photo

 

Ақтөбеде Dombyra party акциясы Өнер орталығынан бөлек, Шығармашылық академиясы ғимараты алдында, Есет батыр шағынауданының Есетбатыр ескерткіші жанындағы алаңы секілді бірнеше жерде бір мезгілде өтті.

Іс-шараға қатысушылар А.Жұбановтың «Би», Құрманғазының «Балбырауын» және Ә. Желдібаевтың «Еркесылқым» күйлерін орындады.

Облыс әкімі қазақ музыкалық аспаптарының үйірмелеріне баратын этнос өкілдерінің оқушыларына домбыра табыстады. Дарынды жастарды қолдау мақсатында тағы бірнеше балаға музыкалық студияда ән жазуға сертификаттар табысталды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды