Өскеменде аялдамада ер адам кенеттен көз жұмды
Жедел жәрдем келгенге дейін ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар полицияға түскен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласында қоғамдық көлік аялдамасында ер адам кенеттен қайтыс болды. Оқиға бойынша полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 16 сәуір күні сағат 14:56-да жедел жәрдем фельдшері «102» арнасына хабар беріп, 1970 жылы туған азаматтың медициналық бригада жеткенге дейін аялдамада көз жұмғанын хабарлаған.
Оқиға орнына дереу тергеу-жедел тобы жіберілген. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындайтынын хабарлады.
Материал авторы