SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік апат орын алып, жұмысшы көз жұмды. Қайғылы жағдай 20 сәуір күні металл ұсақтау жұмыстары кезінде болған.
«Қазхром» мәліметінше, апат кезінде металл бөлшектеумен айналысқан қызметкер ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған. Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар беріліп, қазір тергеу басталды.
Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Өндірістегі қауіпсіздік мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Мұндай оқиғалар еңбек қауіпсіздігін күшейту қажеттігін айқын көрсетіп отыр.
RUS