Атырау облысында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды

06.05.2023, 12:44
476
Атырау облысында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды t.me/askhat_oralov_online

Атырау облысының Махамбет ауданында «Сарайшық» визит-орталығы ашылды. Мәдениет және спорт министрі нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Визит-орталығының жұмысымен танысу барысында қонақтардың тамақтануына және түнеп шығуына жайлы жағдай жасалған орындарды, сондай-ақ келушілер Қазақ хандығы, Алтын Орда және одан бұрынғы дәуірлер тарихымен таныса алатын экспозициялық залды араладым.

photo

Ақпарат үш тілде беріледі. Зал экрандармен және ақпараттық терминалдармен жабдықталып, мультимедиялық технологиялар қолданылады.

Сондай-ақ, археология залында болдым. Мұнда қалашықтан табылған жәдігерлер мен ұлы ғалым Әлкей Марғұланға арналған шағын экспозиция ұсынылды», - деп жазды министр.

Мәлім етілгендей, визит-орталықта балаларға арналған шығармашылық секциялар да бар.

«Сарайшық» визит-орталығын іске қосу – бұл үлкен істің бастамасы ғана. Біз нысанды дамытудың бесжылдық жоспарын әзірледік, соның арқасында бұл киелі орынды шетелдік және ішкі туристер үшін тартымды етеміз деп күтеміз», - дейді А.Оралов.

Айта кетейік, Қазақстанда бұдан бөлек, тағы үш визит-орталық жұмыс істейді: Алматы облысында «Таңбалы», Ұлытау облысында «Ұлытау» және Түркістан облысында «Отырар».

Биыл үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олар – еліміздің оңтүстігіндегі «Сауран», «Гауһар-ана» және «Ордабасы» орталықтары.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген