Түркістан облысында колледж ұстаздары ескі көліктен электромобиль құрастырды

08.05.2023, 18:31
777
Түркістан облысында колледж ұстаздары ескі көліктен электромобиль құрастырды inform.kz

Түркістан облысында колледж ұстаздары электромобиль құрастырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бәйдібек ауданында орналасқан 19-ыншы колледж ұстаздары «Тiko» маркалы көліктің құрылымын өзгертіп, электромобиль жасап шығарды. Олар моторын алып тастап, орнына электр қуатынан күш алатын құрылғы орнатты. Қазір көлік жүріп тұр. Кілтті бұрап іске қосқанда дыбыссыз оталады. Ал жанар май құйып, матордың майын тексеру деген жұмыс мүлдем жоқ.

«Шымкентте электрлі мотоциклдермен қыш таситындар бар екен. Солармен байланысып, құрылымын көріп алдық. Сондан өзіміз құрастыруға кірістік. Бұл жұмыстарды колледждегі бірнеше ұстаз бірігіп жасадық. Мәселен, автоэлектрик сымдарын жалғаса, автомеханик жігіттер моторын ауыстырды. Бар мақсатымыз «WORLDSKILLS TURKISTAN-2023» байқауынан жүлде алу еді. Жасаған жұмысымыз нәтиже берді. Байқаудан жүлделі орын алдық», - дейді ұстаз Абзал Құлмаханов.

Электромобильді қуаттау қиындық тудырмайды. 220 ВТ-тық үйдегі токпен-ақ энергиямен толтырып алуға болады. Аккумулятолар көліктің соңғы орындықтарына орналастырылған. Әрбір қуат күшімен 4-5 сағат бойы жүруге мүмкіндік бар.

«Күзде басталған құрастыру жұмыстары көктемде аяқталды. Бұл жұмыстарға Айдар Бейімбетов, Абзал Құлмаханов, Қайрат Рахымбеков, Қанат Әуезхан және өзге де әріптестеріміз өз үлестерін қосты. Баршамыз бірігіп жасадық», - дейді аға шебер Бауыржан Әуелбеков.

Колледж ұстаздары «АЗЛК» маркалы «Москвичтің» құрылымын да өзгертіп, жол талғамайтын көлік етіп шығарған. Бір көргенде әскери «джип» секілді көрінеді. Ол да жүріп тұр.

Бұдан бөлек, қолдан трактор құрастырып, оған су тартуға арналған моторды қойған. Қозғалтқышы ГАЗ-51 жүк көлігінен алынған. Мұның да кузовын ұстаздар қолдан жасаған.

«Қазір мектеп мұғалімдері колледж студенттеріне өздері құрастырған көліктермен тәжірибелік сабақтар өткізеді. Одан бөлек, жастарды заманауи көлік құрастыру ісіне баулып жатыр», - дейді колледж директоры Айдарбек Ильясов.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды