Алматылық депутат Азия ойындарының чемпионына көлік сыйлады

10.05.2023, 17:38
693
Алматылық депутат Азия ойындарының чемпионына көлік сыйлады

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Тастекей 2011 жылы Алматыда өткен VII-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы Евгений Левкинге автокөліктің кілтін табыстады.

Осыдан бір ай бұрын бірінші топтағы мүгедек, бұрынғы спортшы Евгений Левкин әлеуметттік желілердегі парақшасынан отбасын құрғанын, бала тәрбиелеп отырғанын, алатын айлығының аздығын айтып, көлік сатып алып, такси жүргізушісі болғысы келетінін жазып, халықтан көмек сұраған еді.

Чемпионның өтінішіне халық бей-жай қарамай, қаражаттың жартысын жинап берген. Ал қалған жартысын  меценат әрі депутат Дулат Тастекей өз есебінен беруге ниет білдірген. Осылайша, бүгін Евгенийдің арманы орындалып, оған автокөліктің кілті табысталды. 

Салтанатты жиында сөз алған Дулат Тастекей Евгенийдің қайсарлығына тәнті екенін жеткізді.

 «Евгений, сіз бүгінгі күннің батырысыз, мүмкіндігі шектеулі жандардың да шексіз мүмкіндікке ие екенін дәлелдеп отырсыз»,-деп атап өтті мәслихат депутаты. 

Ал, Евгенийдің өзі көліктің жарты құнын жинап берген халыққа алғысын білдірді.

“Екі жыл бұрын отбасын құрдым, қазір балам бар. Тапқан табысым отбасын асырауға жете бермейді. Сондықтан көп уақытым бекер өтпесін деп, такси жүргізуші болып нәпақамды тапсам деген ой туды. Халыққа жағдайымды айтқаным сол еді, менің өтінішіме құлақ асып, жұмыла қолдап кететінін еш күтпедім. Бірақ біздің елде қайырымды жандар көп екеніне көзім жетті”- деді, Е.Левкин.

Айта кетейік, Евгений Левкин трамплиннен Азия ойындарының жеңімпазы. 2012 жылы қараша айында жол-көлік оқиғасы салдарынан мүгедектер арбасына таңылған. Қазіргі таңда балаларды жаттықтырып,  отандық арналардың бірінде спорт комментаторы қызметін атқарып жүр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады