Алматы академиясында киберполиция қызметкерлері дайындалады

11.05.2023, 10:26
887
Алматы академиясында киберполиция қызметкерлері дайындалады dalanews.kz

Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы киберқауіпсіздік мамандарын дайындайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Бимолданов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Спикердің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап ведомстволық ЖОО-да «Құқық қорғау қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» секілді жаңа бағыттар бойынша ішкі істер органдарының кәсіби кадрларын дайындай бастайды.

«Соңғы жылдары тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде киберқылмыс, интернет-алаяқтық белең алды. Осы қылмыстарға тиімді қарсы тұру керек екенін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта Астана және Алматы қалаларының полиция департаменттерінде киберқылмысты ашу және тергеумен айналысатын арнайы бөлімшелер ашылды. Олар «киберпол» деп аталады. Біз осы бөлімшелердің қызметкерлерін Алматы академиясының қабырғасында оқытатын боламыз. Сондай-ақ академияда киберзертхана мен киберполигон ашылған», - деді спикер.

Ержан Бимолданов сондай-ақ академияда артықшылық ретінде тегін тамақ, формалық киім, медициналық қызмет көрсету, тұрғылықты жеріне бару мен кері қайту (пойызбен) болатынын айтты.

«Курсанттар шәкіртақы алады. Оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен тең. Оқуды аяқтаған соң, түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер бакалавры» және «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бакалавр» біліктіліктері бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сонымен қатар «полиция лейтенанты» арнайы атағы беріледі«, - деді ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды