Әскер қатарына шақырылған жастарға қандай жеңілдіктер бар

13.05.2023, 10:07
838
Әскер қатарына шақырылған жастарға қандай жеңілдіктер бар turkystan.kz

Несиесі бар сарбаз «несиелік демалыс» ала алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі брифингісінде Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері басқармасының бастығы полковник Айдар Мүсірепов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Айдар Мүсіреповтың айтуынша, жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру үшін Қорғаныс министрлігінде жаңа жоба қолға алынды.

«Жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар қолға алынды. Мысалы, несиесі бар мерзімді қызмет сарбаздары «несиелік демалыс» деп аталатын үзіліс алады, қызмет ету мерзімі барысында төлеу кейінге қалдырылады. Жаңа жоба Қорғаныс министрлігінде бастау алды. Бұл мерзімді әскери қызметінің беделін арттырады»,- деді ол.

Сонымен қатар, спикер министрлік жоғары оқу орындарына түсу бойынша жеңілдіктерге бастама жасағанын еске салды.

Қызметін аяқтаған сарбаздар ақылы негізде ҰБТ-ны есептемегенде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемесіне түсу құқығына ие болады.

Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізген қосалқы (запасқа шығарылған) үлгілі жауынгерлерге ҰБТ-сыз, сонымен қатар ЖОО есебінен де оқу құқығы беріледі.

«Оқуға түсу кезінде әскери кафедра емтихансыз тегін білім ала алады. Іріктеу мерзімді әскери қызмет атқарған және қызмет барысында жақсы нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер қатарынан өткізіледі», - деп атап өтті спикер.

Айтуынша, жастарға жеңілдіктер алу үшін ХҚКО-ларда берілетін мерзімді әскери қызметті өткеру туралы анықтаманы және әскери билеттің көшірмесін қоса отырып, ЖОО-ға құжаттардың тізімін ұсыну жеткілікті. Бүгінде еліміз бойынша 3 мыңға жуық грант бөлінді. Бұл бастаманы 70-ке жуық жоғары оқу орындары құптады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады