Жаһандық климаттың өзгеруі Қазақстанға да әсер етіп отыр

16.05.2023, 13:33
710
Жаһандық климаттың өзгеруі Қазақстанға да әсер етіп отыр smartnews.kz

Әлемнің бірқатар аумағында табиғат тосын мінез көрсетті.

Орталық Африкадағы Конго республикасының шығысында жуған толассыз нөсердің салдары өте ауыр жағдайға ұласты. Төңіректі су басып, жүздеген адам қаза болды. Қазіргі есепте 438 адам көз жұмғаны айтылды. Толассыз нөсердің салдарынан Чибира деген өзен арнасына сыймай, бірден тасып кеткен екен. Із-түзсіз жоғалғандар 4 мың адамның шамасында. 

Ал сол кезде Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауыннан 500 мыңнан астам адам зардап шекті. Тікелей экономикалық шығын 670 миллион юаньға бағаланады. Бұл 97 миллион долларға тең. Қытайдың орталық және шығыс аймақтарында жауған толассыз жаңбыр үлкен су тасқынына ұласқан.  16 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Цзянси провинциясында су тасқыны салдарынан жүзден астам үй зардап шекті, 2,3 мың гектар аумақтағы егіс алқабы жойылды. Толассыз жауған жаңбырдан елдегі 21 өзенде су тасыған. Қытайдың оңтүстігіндегі және шығысындағы бірнеше аймақта екі-үш күн тоқтамай нөсер жауған. Қытайда төтенше жағдай режимі енгізілді. 
Қытайда су тасқынына қарсы мемлекеттік штаб 4-ші деңгейдегі жедел әрекет ету режимін іске қосты. Өйткені елдің оңтүстік аймақтарында тағы да қатты нөсер жауын жауып,  дауыл соғуы мүмкін. Тибет автономиялық ауданы мен Юньнань провинциясының кейбір аудандарында да нөсер жауады деп күтіп отыр. Қытайда су тасқынына қарсы әрекет етудің төрт деңгейлі жүйесі бар екен. Ондағы қауіптің ең жоғары деңгейі – бірінші деңгей.

Соңғы бір-екі күнде Бангладеш пен Мьянма жағалауларына Мокко деген циклоны барып, жойқын дауыл болды. Оны бесінші деңгейлі дауыл деп жатыр. Мұндай дуыл адамдарды жаңқа құрлы көрмей ұшырып әкететін болса керек. Ол жақта нөсер жуынмен қатарласып қатты дауыл тұрды. Тасыған судың деңгейі төрт метрге дейін жетуі мүмкін деп болжап жатыр. Бангладеште әлемдегі ең ірі босқындар лагері бар екен. Онда миллион адам тұрады екен. Су тасқыны осы лагерге қауіп төндіретін болған соң 500 мыңдай адам эвакуацияланды. 
Жалпы, әлемдегі климаттық ахуал мәз емес.  Жаһандық жылынудың  салдарынан құстардың ұшу бағыты мен мерзімін өзгертіп жатыр. Дүниежүзіндегі миллиондаған құстар жыл бойы қоныс аударып, тамақ пен жайлы тіршілік ету ортасын іздейді. Құстардың шамамен 4000 түрі үнемі қоныс аударады екен.
Ғалымдар жүргізген зерттеулер жаһандық жылыну миллиондаған тіршілік иесіне, соның ішінде қоныс аударатын құстарға зиян келтіретінін көрсетті. Бұл жағдайда қоныс аударатын құстардың тіршілігі су экожүйелерімен байланысты. Қоршаған ортаның ластануы және таза су көлемінің төмендеуі сияқты көптеген факторлар құстарға зиян келтіріп жатыр.

Температура көтерілген сайын көктем мезгілі әдеттегіден ертерек келеді. Сондықтан қоныс аударатын құстар көбінесе ұшып келуді ертерек бастауға мәжбүр болатың көрінеді. Мысалы, құстардың кейбір түрлері соңғы 50 жылмен салыстырғанда шамамен бір апта бұрын қоныс аудара бастады. Ал кейбір түрлері климаттың өзгеруіне бейімделе алмайды.
Ауа райының кенеттен өзгеруі күзде оңтүстікке қоныс аударатын құстарға қауіп төндіреді. Климаттың өзгеруіне байланысты ұшып келу кезеңі ұзарып, күздің соңына жақындайды. Ал сол кезде кенеттен күннің суып кетуінен құстар қырылып қалып та жатады.

Жаһандық климаттың өзгеруі жыл сайын Қазақстан өңірлеріне де әсер етіп жатады. Сәуір-мамыр айларында бірнеше облыста су тасқыны орын алды. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының салдарынан 20 үй жарамсыз күйге түсті. Ақтөбе облысы Қобда ауданында тұрғын үйі апатты және тұруға жарамсыз деп танылған 30 отбасы анықталды. Жамбыл облысында 7 үйдің ауласын, 1 үйдің жертөлесін су басты. Петропавлда бір тәулікте 650-ге жуық саяжай учаскесі су астында қалды. Жолдарды су басты. Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты дауыл тұрды. Ал Каспийде тюленьдер қырылды. Осындай жағдайдың бәрі климаттағы өзгерістердің және жаһандық жылынудың салдары деп жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде Төтенше жағдайларға, оның ішінде көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтардың картасы түзілді. Көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтар картасында республика бойынша су тасқыны қауіпті 1 048 елді мекен  көрсетілген.

Жаһандық климаттың жылынуы деген нәрсе адамзаттың бас ауруына айналды. Табиғат тыныш болғай.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды