Министрлік ЖОО-ларда психологтерді даярлау бағдардамасына өзгеріс енгізуді ұсынды

18.05.2023, 13:04
490
Министрлік ЖОО-ларда психологтерді даярлау бағдардамасына өзгеріс енгізуді ұсынды smartnews.kz

Бүгінде мектептердегі психологиялық қызметтің әлсіздігі айқын байқалып отыр. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан осылай мәлім етіп, мәселе көтерді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бүгінде мектептердегі психологиялық қызметтің әлсіздігі айқын байқалып отыр. Олардың (мамандардың – автор) саны жеткіліксіз. Бұдан бөлек, жыл сайын балалардың құқық бұзушылық жағадайының түр-сипаты өзгеруде. Бір құқық бұзушылық жағдай екінші оқиғаға ұқсамайды. Жаңа буллингтің, қатыгездіктің түрлері пайда болып жатыр. Бұл интернеттің ашықтығымен байланысты. Мамандардың біліктілігін арттыру күн тәртібінде тұр. Осыған байланысты білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің жаңа моделін қабылдау мәселесі өзекті. Қазір министрлік осы бағытта жұмыс жасауда. Оның ішінде жоғары оқу орындарында психолог мамандарды даярлау бағдардамасына да тиісті өзгерістер керек», - деді Еділ Оспан.

Оның пайымынша, балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құру маңызды. Бұл орайда ата-аналар өз перзенттерінің ғаламтордағы іс-әрекетіне бақылауды күшейту керек. Ол үшін вице-министр жағымсыз ақпараттарға шектеу қоятын мобильді қосымшалардыы қолдануды ұсынды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген