Шетел банктеріне қарыз қазақстандықтар статистикасын жүргізу ұсынылды

18.05.2023, 20:18
669
Шетел банктеріне қарыз қазақстандықтар статистикасын жүргізу ұсынылды smartnews.kz

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бұл мәселе қарызын төлей алмай қалатын борышкерлердің көбеюіне әкелмей ме? Біздің тұтынушылық несие талаптарын қатаңдатуға арналған заңнамамыз бен ЕАЭО елдеріндегі тиісті нормалар бірдей емес. Ол жерде мұндай жағдай барынша либералды болуы мүмкін. Жалпы, біз қанша азаматымыз немесе қазақстандық ұйым шетелден несие алғаны жөнінде статистика жүргізуіміз керек. Сол арқылы қанша азаматымыздың шетелдік несие мекемелеріне қарызы бар екенін білеміз. Қолымызда осындай статистика болуы керек. Ол мәліметтерді қажет жағдайда жұмысымызда қолдана аламыз», – деді Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы Қазақстанда азаматтарға борыштық жүктемені төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл Сенаттың заңнамалық деңгейдегі қызметіндегі басым бағыттардың бірі екені де сөз болды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды