Зейнетке шыққан адам бос отырса, ауырып қалады – шебер

21.05.2023, 17:35
1333
Зейнетке шыққан адам бос отырса, ауырып қалады – шебер inform.kz

Ақтөбелік шебер Төлебике Құлтаева қазір түрлі жіптен киім, қажетті бұйымдар тоқып, оны сатып жүр. Бұйымдары тіпті АҚШ-қа сыйлыққа жіберілген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .

Ақтөбелік тоқымашылар қазір бір-бірімен етене танысып, әлеуметтік желіде ортақ топ ашып алған. Тоқымашылардың көбі зейнетке шығып, бос уақытын тиімді өткізіп отыр. Әрі табысы тұрақты, тапсырысты әр аймақтан қабылдайды.

«Қандай тапсырыс түседі, бәрін тоқимын. Сыммен және ілмекпен тоқи білемін. Бас киімнен бастап, аяқ киімге дейін тоқуға болады. Қазір менде кимешек, көйлекке арналған жаға, бас киімнің бірнеше түні, шәлі, балаларға арналған жейде бар. Жас келінге арнап аяқ киім мен орамалды сәнді етіп тоқып бере аламын. Негізі бала күнімнен бастап тоқуды үйрендім. Бірақ өмір бойы аспаз болып жұмыс істеп, осы іске ден қоюға мүмкіндік болмады. Ал қазір бар ынтамды саламын. Тоқымай, бос отырсам ауырып қалатын күйге түстім. Тіпті көзілдірік те кимей кеттім. Қазір жасым 70-те»,- деді шебер Төлебике Құлтаева.

photo

Кішкентайынан қой қырқып, жүн жуып, оны түтіп, игірген үлкендерге қолқабыс етіп, өзі де үйреніп алғанын айтты шебер. Алайда қазір иірілген түрлі түсті, түрлі сападағы жіпті базардан оңай тауып алуға болады. Сирек кездесетіндерін тапсырыспен алдырады.

«Таяуда Астанада «Тақия fest» ұйымдастырылып, соған он тоқымашы барып келдік. Өзім тоқымашылардың республикалық тобына қосылып алдым. Байланыс жақсы болған соң түрлі шараға қатысамыз. Тек қолөнер шеберлерінің көрмесі қалада көп болмайды. Бізге сатуға арналған бір бұрыш берсе екен деймін. Сонда шеберлігімізді шыңдап, өзгелерге де үйретіп, тобымыздағы адам саны көбейер еді»,- деді Төлебике Құлтаева.

Шебер әр күнін жоспарламайды. Бірақ қайда барса да, қайда жүрсе де қолынан жіп пен сымы, ілмегі түскен емес. Егер үйде отырса, күніне үш аяқ киім, кейде екі бас киім тоқи алады. Үлкен шәліні екі күн тоқуға болады. «Ілмекпен тоқуды мен 2017 жылы бастадым. Бәрін интернет арқылы үйрендім. Бір ауыз орысша білмесем де көріп, машықтанып алдым. 6-7 жыл бұрын бастаған ісімде олжа көп. Алғашында дүниелерім әлеуметтік желіге салынбады. Қазір бәрін жүктеп, көрсетіп отырамын. Сыйлыққа да беремін, сатуға да шығарамын. Жіп қымбат. Бізге Түркиядан әкелінеді. Жіптің сапасына басымдық беріледі, тоқу да өнер. Әр шебердің қолы әртүрлі, қолынан шыққан дүниесі өзгеше. Мен өз бұйымымда бірден танимын. Қолымнан шыққан дүниені арзанға сатпаймын. Себебі еңбегімді бағалаймын. Көз майымды тауысып, ұзақ күн отырғанда қайтарымы болуы тиіс. Мәселен кимешекті 35 мың теңгеге бағалаймын. Жібінің өзі Түркиядан жеткізілген. Кейде оны таба алмай қаламыз. Жақында АҚШ-қа үш шәлі жібердім. Жібін Тараздан алдырдым. Алматы, Астанадан та жіп аламыз», - деді ол.

Тоқу – психологиялық жаттығу. Адамның ойға шомылуына жол бермейді. Тіпті қарап отырып, тиісерге қара таппайтын адамға да ем. Өйткені бар зейінін салып, тоқуды бастаған адам оны аяқтағанша байыз таппайды. Сөйтіп уақытын да тиімді өткізеді.

«Мен зейнетке шыққан соң да төрт жыл жұмысты жалғастырдым. Ал жұмысты аяқтаған соң таңертең тұрам, кешке жатамын. Өте қиын кез. Содан интернет кіргізді. Әлеуметтік желіні қарадым. Үйрендім. Балаларға сым мен жіп әкеліп бер дедім. Ол кезде көзілдірік кидім. Жазда тоқитынымды алып, көзілдірікті отырған жерімде ұмытып кетіппін. Содан өзгелерге қарап, мен де көзілдірік кимей кеттім. Қазір кисем ауыртады. Бұл да тоқыма тоқығанның құдыреті деп есептеймін»,- деді шебер.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады