Қарағандылық оқушы «Жусан иісі» шығармасы негізінде үстел ойынын құрастырды

22.05.2023, 09:46
827
Қарағандылық оқушы «Жусан иісі» шығармасы негізінде үстел ойынын құрастырды inform.kz

Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Ақнұрай Амангелді Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі негізінде «Білім батл» үстел ойынын құрастырды.

Аталмыш шығарма жалпы орта және Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақнұрайға үстел ойынын құрастыру идеясы 6-сыныпта оқып жүргенде келген.

Сыныптастарының көркем шығарма оқуға қызығушылығының жоқтығы, шығарма мазмұны мен ондағы кейіпкерлерді есте сақтау қиындығы, көркемдегіш құралдарды ажырата алмау секілді мәселелерді көрген кезде бұл мәселені шешудің жолын ойластырған.

Көркем шығармалар негізінде құрылған үстел ойындарын зерттеу барысында оқушы шетел әдебиетіне сүйене отырып жасалған үстел ойындарының көп екендігін, ал қазақ әдеби шығармалары негізінде құрылған ойындардың жоқтың қасы екенін анықтаған.

Оқушының идеясына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жобаның жетекшісі Сүлейменова Мейрамгүл Мейрашқызы мен өнер пәнінің мұғалімі Жамелов Қайыржан Жеңісұлы бірлесе қолдау көрсетіп, 6 айда үстел ойынын құрастырып шығарған.

Ойында «Кейіпкерді таны», «Сурет-сюжет», «Ой зерек», «Сөз көркем» деген әрқайсысы 20 картадан тұратын жалпы саны 80 карта бар.

Ойын кілемшесіндегі ойыншылардың жүру бағыттары ұлттық ою-өрнек түрінде берілсе, ойын элементтері қобыз, торсық, домбыра, жылқы секілді ұлттық құндылықтарға негізделіп жасалған.

Ақнұрай үстел ойынына авторлық құқық алғанын айтады.

«Қазақ әдеби шығармаларды ойын арқылы меңгертудің нәтижесі жоғары, өйткені сабақта және үзіліс кезінде ойнаған сайын сыныптастарым шығарманы өте жақсы меңгеріп алды»,- дейді Ақнұрай.

Ақнұрай алдағы уақытта ойын ережесіне аздаған өзгеріс енгізу арқылы үстел ойынын телефон арқылы ойнауға ыңғайлы болатын қосымшаға айналдыруды көздеп отыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді