Жемқорлардың жымқырған қаржылары жыл сайын миллиардтарды құрайды

26.05.2023, 12:47
509
Жемқорлардың жымқырған қаржылары жыл сайын миллиардтарды құрайды Smartnews.kz

Биыл жемқорлардың ақшасын мақсатты жолға жұмсау ұйғарылды.

Жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың талай оқиғасы әшкереленіп жатқан болса, сол жемқорлардан қайтарылған қаржыға 62 мектеп салынатыны хабарланды. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салынуы тиіс нысандарының тізімінде 62 мектеп бар екен. Ведомствоның ақпан айындағы «Құрылысы және реконструкциялануы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілерінің басым тізбесін бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген осы тізімдегі мектеп тердің құрылысын мемлекет жемқорлардың ақшасына салады.

Қай қалада қанша мектеп салынатыны нақтыланды. Енді тек іске кірісу керек. Атап айтқанда, Астанада 7425 оқушыға арналған 10 мектеп салу жоспарланған. Өңірлер бойынша алсақ, Алматы облысында 11550 орындық 10 мектеп, Түркістан облысында 2050 орындық 9 мектеп, Жамбыл облысында 2850 орындық 6 мектеп, Қызылорда облысында 2175 орындық 5 мектеп, Маңғыстау облысында 4800 орындық 4 мектеп салу көзделіп отыр.
Тізбені толық келтірсек, ары қарай – Ақмола облысында 600 орындық 2 мектеп, Ақтөбе облысында 620 орындық 3 мектеп, Атырау облысында 1200 орындық 2 мектеп, Шығыс Қазақстан облысында 900 орындық 2 мектеп, Батыс Қазақстан облысында 708 орындық 2 мектеп, Қостанай облысында 1080 орындық 2 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысында 900 орындық 2 мектеп салу жоспарланған. Жетісу, Ұлытау және Павлодар облыстарында сәйкесінше 1200, 200 және 312 орындық бір-бір мектептен салынады.

Осы мектептердің құрылысына 96 миллиард 495 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат жаңа мектептерді салуға және бұрыннан бар мектептерді кеңейтуге жұмсалады.
Жемқорлардан тәркіленген және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түскен ақшаға 70-тен астам мектеп салынатынын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев наурыз айының басында мәлімдеген болатын.

Еліміздегі жемқорлықтың деңгейі өте жоғары екенінің көрінісі осы болса керек. Сыбайлас жемқорлықтың көлеңкесінде айналымында ондаған миллиард теңгенің көшіп-қонып жүруі қоғамды алаңдататын нәрсе. Әрине, жемқорлардың әшкере болып, жегендері желкесінен шығарылғаны дұрыс. Бірақ мұншама мол қаржы жымқыратындары жаға ұстатарлықтай өкініш екені тағы бар.

Жалпы елімізде мемлекетке қайтарылған активтерді басқару үшін арнайы қор құрылатын болыпты. Парламент Мәжілісінде талқыға түсіп жатқан бес заң жобасының бірі «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» деп аталады. 
Палата отырысында мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор құрылатыны айтылды. Мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және оны басқарушы компания құрылады екен. Айтуларын қарғанда, қайтарылған активтер Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасы активтерді қайтарудың тетіктерін айқындауға бағытталған. Себебі активтерді анықтау және қайтару үшін қажетті заңнамалық негіздер мен жаңа құралдар жетіспей жатқан көрінеді.

Заң қабылданғаннан кейін Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады деп жатыр. Ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды екен.

Заң жобасын әзірлеудегі мәселе – заңсыз сатып алынған және шығарылған активтердің сақталуын, басқарылуын, өткізілуін және мемлекетке қайтарылуын қамтамасыз ету.  Мұндағы жұмыс қажетті шаралар белгілеу, қаржының шығу тегін растау, іздестіру  жұмысына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу екені айтылып жатыр. Заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру, активтерді заңсыз сатып алуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жұмыстары қолға алынбақ.

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?