Илон Масктың компаниясы адам миына микрочип орнатуға рұқсат алды

26.05.2023, 15:08
662
Илон Масктың компаниясы адам миына микрочип орнатуға рұқсат алды peopletalk.ru

Илон Масктың ми чипін жасайтын Neuralink компаниясы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан адамға жасалатын алғашқы сынақтарды өткізуге рұқсат алды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты BBC News-ке сілтеме жасап.

Neuralink өзінің микрочиптері арқылы миды компьютермен байланыстырып, сал болып қалған адамдардың қозғалысын және көзі көрмейтіндердің жанарын қалпына келтіруге ниетті.

Компания өз мәлімдемесінде сынақтарға қатысушыларды жинауды әлі жоспарламағанын атап өтті. Neuralink компаниясының рұқсат алуға арналған алдыңғы өтінімі қауіпсіздік себептеріне байланысты қабылданбаған.

Маймылдарда сыналған чип мидан тарайтын сигналдарды түсіндіруге және ақпаратты Bluetooth арқылы құрылғыларға жіберуге арналған.

Өзінің Twitter-дегі ресми аккаунтында Neuralink «біздің технологиямыз бір күні көптеген адамға көмектесуге мүмкіндік беретін маңызды алғашқы қадам» туралы хабарлады.

«Бұл – Neuralink командасының аталған басқармамен тығыз ынтымақтастықтағы керемет жұмысының нәтижесі», - делінген компания мәлімдемесінде.

Компанияның веб-сайты «қауіпсіздік, қолжетімділік және сенімділік» басты басымдықтар болатынына сендіреді.

2016 жылы Маск негізін қалаған компания жоспарларын бірнеше рет өзгертті. Оның бастапқы мақсаты 2020 жылы адам миына чиптерді енгізуді бастау болды. Кейінірек компания 2022 жылы жұмысқа кірісуге уәде берді. Өткен желтоқсанда компания жануарлар құқығын бұзу туралы тергеу басталғаннан кейін тағы бір сәтсіздікке ұшырады.

Neuralink-тің АҚШ билігінен алынған адамға эксперимент жүргізуді мақұлдау туралы хабарландыруы швейцариялық зерттеушілердің ми импланттарын қолданудағы осындай серпіліс туралы соңғы жаңалықтарынан кейін пайда болды. Айта кетсек, сал ауруына шалдыққан нидерландық азамат табаны мен аяғына сымсыз жіберілген имплантаттар жүйесінің арқасында, яғни тек ойлау арқылы жүріп-тұра алды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады