Иран мен Ауғанстан арасында суға байланысты шиеленіс күшейіп келеді

29.05.2023, 12:49
745
Иран мен Ауғанстан арасында суға байланысты шиеленіс күшейіп келеді smartnews.kz

Бұқаралық ақпарат құралдарында Тәліптер Иранға соғыс жариялады деген тақырыппен ақпараттар пайда болды.

27-мамыр күні  Ауғанстан мен Иран шекарасында қақтығыс болған. Тәліптер Иранның шекара бекетін басып алды деп жатыр. 28-мамыр күнгі дерекке қарағанда Иран шекарашыларының екеуі және тәліптердің біреуі қаза болды. Жарақаттанған да бар.

Тәліптердің Иранмен шекаралас аймағына шабуылы туралы «Талибан» қозғалысының өкілі мен Иранның мемлекеттік бұқарлық ақпарат құралдары жариялады. Қақтығысқа не себеп болғанын екі тарап та мәлімдеген жоқ, бірақ бұған дейін Иран мен Ауғанстан арасындағы су құқығы мәселесіне байланысты шиеленіс күшейген болатын.

Екі жақ бірін-бірі кінәлап жатыр. Тәліптер Иран шекарашылары арандатты дегенге келтіреді. Қай жағының бірінші болып оқ атқаны анық емес. Қарсы тараптар оқ атуды бастады деп бір-біріне кінә артуда. 

Тәліптердің Ішкі істер министрлігінің өкілі:

«Нимроз провинциясында ирандық шекарашылар Ауғанстанға қарай оқ жаудырды, бұлар қайта жауап берді. Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі көршілерімен соғысқысы келмейді», – дегенді айтады.

Ал Иран жағы оқты бірінші болып атқан тәліптер дейді. Ауғанстанның ұлттық қорғаныс министрлігінің өкілі Иранды ашық кінәлады. Тәліптердің көсемдерінің арасында жағдайды одан бетер ушықтырып, егер жиһад жарияласақ Иранды басып аламыз дейді. Оның сөзінше, жемқорлыққа батқан Иранды басып алу тәліптер үшін түкке де тұрмайды. 

Суға таластың салдары осындай қақтығысқа апарып соғып отыр. Шекарадағы Гильменд деген өзен Ауғанстаннан бастау алып, Иранның шығыс аумақтарымен өтеді. Иранның осы шығыс жағында көбіне құрғақшылық болып жатады. Ол жақта биыл да су тапшы көрінеді.

Иран тәліптерді өзен суын бөгеп, арнасын бұрды деп кінәлайды. Ал тәліптер судың жетіспеушілігі климаттан, өзеннің деңгейі төмендеп кеткендіктен дегенді алға тартады. Сөйтіп, арадағы түсініспеушіліктің соңы қарулы жанжалға ұласып жатыр. Тәліптер шекараға әскер жиды. Кешегі қақтығыста Иран тарапынан минометтер мен әскери техникалар қолданылды.

Иран Ауғанстандағы тәліптер билеушілерін Гильменд өзенінен Иранның құрғақ шығыс аймақтарына су ағынын шектеп, 1973 жылғы келісімді бұзды деп айыптады. Талибан бұл айыптауды жоққа шығарды. Қақтығыс келіссөздермен тоқтауы мүмкін. 

Су жөніндегі келісімнің жасалғанына 50 жыл өткен екен. Осы күнге дейін келісімді бірнеше рет жаңартуға болатын еді. Одан бері неше заман өтті, қанша үкімет ауысып жатыр, тәліптер билікке кеше ғана келді. Қазір әлемде су мәселесіндегі келісімдер тиянақты болмаса қиын, келісімдер ұзақ мерзімдік болып мықтап шегеленуі керек. Себебі адамзат атаулыда судың маңыздылығы алтыннан да,  ақшадан да, мұнайдан да өзекті болатын заман тууы мүмкін деп жатыр. Беті аулақ, суға таласып соғысудың өзі ақылға симайтындай сияқты болып көрінгенімен, шындық осы. Суға таласып мына жақта тәжіктер мен қырғыздар да жыл сайын итжығыс болып қырқысып жатады. Су проблемасының зардабын тартуы ықтимал елдердің қатарында Қазақстан мен Өзбекстан да тұр. Қазақтанға судың басым бөлігі сырттан ағып келеді. Ағын су Қытайдан, Ресейден, Қырғызстан жақтан бері қарай ағады.

Еліміздің билігінде су проблемасы жиі көтеріліп жатыр. Мысалы, су мәселесі мамыр айының ішінде өткен ірі жиындардың екеуінде ортаға салынды. Айдың басындағы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суды тиімді пайдалану керектігіне және су проблемасының өзектілігіне тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті: 

«Колумбия климаттық мектебіне қарасты Жер институтының зерттеуі бойынша Тянь-Шань тауларында жауын-шашынның азаю қаупі бар.  Ал бұл суармалы егістіктер мен жайылымдарға қажетті тұщы судың тапшылығын тудырады деген сөз. Тау басындағы жыл бойы жататын қардың көлемі азайып барады. Ғалымдар алдағы жиырма жылда қар бұдан да тез еруі мүмкін деген болжам жасап отыр».

Президенттің пікірінше, су ресурстары жағдайына мемлекеттік мониторинг жүргізу ісін күшейту қажет. Ағын сулардың режимі мен су қоймаларын зерттеу үшін 800 гидрологиялық бекет қажет болса, соның 310-ы ғана жұмыс істеп тұр екен. Толыққанды мемлекеттік су кадастры әлі қалыптаспаған.

Ал айдың ортасында өткен Қауіпсіздік Кеңісінің отырысында тағы да су проблемасы көтерілді. Президент су және экология проблемалары бойынша үкіметке тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы экология саласында шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін проблемаларға баса назар аударды. Жиын барысында су қауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатер деңгейінің артып келе жатқаны атап өтілді.

Қысқасы, су тапшылығының  салдары ауыр заман келе жатыр. Әлемнің түпкір-түпкірінде суға таластың алды осы күнгі қақтығыстар болуы мүмкін. Қазақстан проблеманың алдын алу үшін осы бастан әрекет етуі керек.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген