Қарағандылық оқушылар АҚШ-та өтетін байқауда инновациялық жел станциясы жобасын ұсынады

30.05.2023, 17:15
684
Қарағандылық оқушылар АҚШ-та өтетін байқауда инновациялық жел станциясы жобасын ұсынады gov.kz

Massachusetts FIRST LEGO League халықаралық чемпионаты маусым айының ортасында Американың жоғары оқу орны Worcester Polytechnic Insitute базасында өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оған Қарағанды мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатының «JelToqSun» командасы өз жобаларын ұсынбақшы. Олар робототехника және бағдарламалау дағдылары ғана емес инновациялық жобалар байқауында да бақ сынайды. Топ мүшелері энергия тақырыбының өзекті мәселелерінің инженерлік шешімін тапты. Олардың жел электр станциясы қолданысқа енсе өндіріс, шаруашылық үшін тиімді болмақ.

«Біздің инновациялық генераторымыз қазақтың киіз үйі іспетті. Конус пішінінің арқасында желді жан-жақтан ұстайды. Ауылдық жерде, әсіресе елдің солтүстігінде қатты жел тұрса ескі магистральдық желілер істен шығып қалады. Ал біздің жоба сол табиғи құбылысты пайдалы механизмге пайдалану. Бұл жобаны бұрыннан бар көп жүзді ротордың негізінде жасадық. Бізде «жел диірменінің» бірнеше нұсқасы болды, төртбұрышты, дөңгелек олардың барлығын тәжірибеден өткіздік. Оның тиімділігін желдің жылдамдығына байланысты қозғалысына қарай есептедік», - дейді команда инженері Санжар Сәрсембаев.

Айта кетейік, оқушылар өз жобаларын жергілікті металлургия кәсіпорнының инженерлеріне таныстырды, оған мемлекеттік университеттердің ғалым, докторлары оң баға берді.

Енді Massachusetts FIRST Lego League халықаралық чемпионатында қорғайтын болады. Оқушылар АҚШ-қа жолдаманы Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен Central Asia FIRST LEGO League Championship робототехника сайысында жеңіп алған болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды