920

7 маусымда елордада қаржы саласындағы ең айтулы іс-шара – «Astana Finance Days-2023» конференциясы өтеді

7 маусымда «Астана»  халықаралық қаржы орталығы «Astana Finance Days-2023» (AFD) жыл сайынғы конференциясын өткізеді.

7 маусымда елордада қаржы саласындағы ең айтулы іс-шара – «Astana Finance Days-2023» конференциясы өтеді

2018 жылдан бері бұл іс-шара жалпы әлемдік және қазақстандық қаржы салаларының өзекті мәселелерін, үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған платформа ретінде қызмет етіп келеді. 

Биыл конференцияда 70-тен астам елден мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржы саласының сарапшылары, инвесторлар мен бизнес басшылары бас қосады.  

Сіздерді күтеді:

қаржы әлеміндегі 200-ден астам мықты шетелдік және қазақстандық спикерлер;

халықаралық деңгейдегі сарапшылардың эксклюзивті ақпараты;

нетворкинг және кәсіби байланыстарды кеңейту мүмкіндігі;

қаржы саласының трендтері туралы өзекті пікірталастар;

пайдалы шеберлік сабақтары мен АХҚО-ның жаңа жобалары.

Конференцияның демеушілері – Visa, ITS, Freedom Broker, ERG, CICC.

Алдағы өтетін AFD бағдарламасы бес тақырыптық бағыттан тұрады:

1. «АХҚО өнімдері» бағыты активтерді басқаруды, қорларды басқаруды, инвестициялық резиденттікті, ислам қаржысын және т.б. қоса алғанда, АХҚО ұсынатын қаржылық өнімдер мен қызметтер;

2. «Юрисдикция және реттеу» – АХҚО юрисдикциясын практикалық қолдану, оның өңірлік ынтымақтастықтағы рөлі, АХҚО қаржы экожүйесінің тұтастығын қорғау тәсілдері, тәуекелдер мен ережелер, сондай-ақ криптовалюта және комплаенс талаптарына сай болу мәселелері;

3. «Инновациялар және саланың әлеуеті» – финтех, цифрлық активтер, венчурлық капитал сияқты қаржы индустриясының инновациялары мен үрдістері және саланың әлеуетін дамыту;

4. «Жасыл өсу» – «жасыл» экономиканың төмен көміртекті дамуы мен өсуі үшін орнықты қаржыландырудың жаңа құралдары, сондай-ақ ESG стандарттары бойынша ақпарат ашудың маңыздылығы, көміртекті қаржыландыру тетіктері және төмен көміртекті және әлеуметтік дамуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да шаралар;

5. «Капитал нарықтары» – Қазақстанның макроэкономикалық перспективалары мен инвестициялық мүмкіндіктері, экономикалық тұрақтылықты қолдау және инфляциялық қысымды төмендету жөніндегі саяси шаралар, алдағы IPO және AIX эмитенттері бизнесінің ағымдағы жай-күйі.

Сондай-ақ Астана халықаралық форумы аясында АХҚО-ның бірқатар негізгі сессиялары өтеді:

1. Қаржы нарығының алғы шебінде: инновациялар және орнықтылық;

2. Орта дәліз: Еуразиядағы өзара байланысты нығайту;

3. Жаңартылатын энергия көздері және көміртегі бейтараптығы контекстіндегі көміртегі нарығының дамуы.