Қазақстанда не себепті вейпке тыйым салынбаған

05.06.2023, 15:05
553
Қазақстанда не себепті вейпке тыйым салынбаған smartnews.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда вейпке тыйым салу процесіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрге вейпке қатысты сұрақ қойды.

Бұл тұрғыда қоғамда вейпке тыйым салу мәселесінде Ұлттық экономика министрлігі тиісті шешім жасамай отырғаны айтылды.

Өз кезегінде Ә. Қуантыров аталған тыйым салу тетігін енгізу әзірге Реттеушілік әсерді талдау қағидатына сәйкес келмей тұрғанын жеткізді.

«Әдеттегідей Экономика министрлігін кінәлап жатыр. Реттеушілік әсерді талдау деген бар. Бұл ретте, бизнестің мүддесіне нұқсан келтірмеу үшін тиісті заңнамалық реттеу тәртібі (жаңа заң жобасы, ережелер) осы процестен өтуі керек. Тиісті заң жобасын әзірлейтін әрбір уәкілетті орган Реттеушілік әсерді талдау процесінен өтуі керек. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі оны жарты жылдан бері өткізе алмай отыр. Біз оны қайта пысықтау үшін бірнеше рет қайтардық. Өйткені олар мұны аталған талдау процесі ережелеріне сәйкес жасамаған», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

«Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті де ойлауымыз керек. Аталған министрлік бәрін дұрыс жасағанда, біз тиісті қадамды жасауға дайынбыз. Өз басым вейптерге тыйым салуды қолдаймын», - деді Ә. Қуантыров.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді