Қазақстанда бүгін аза тұту күні
Қазақстанда 12 маусым Абай ауданындағы «Семей орманы» өртінен қаза тапқандарды еске алу күні жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
11 маусым күні түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
"Дүйсенбіні жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Біз сіздермен бірге аза тұтамыз, қаза болғандардың есімдерін еске аламыз. Мықты болып, сабырлық сақтауларыңызды сұраймын. Құқық қорғау органдары болсын, барлық бағыттар бойынша тиісті шаралар қабылданады. Енді мен кеңес өткіземін, біз бұл тәжірибеден міндетті түрде сабақ алатын боламыз», - деді Президент.