92

Бибісара Асаубаева 116 миллион теңгелік жүлде қоры бар турнирде жеңіске жетті

Асаубаева Швейцария атынан сынға түскен Александра Костенюкті 23 жүрістен кейін жеңді.

Бибісара Асаубаева 116 миллион теңгелік жүлде қоры бар турнирде жеңіске жетті
Lennart Ootes / Saint Louis Chess Club

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан беделді Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

Турнирдің төртінші турында екі дүркін блицтен әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ақ фигуралармен Швейцарияның бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Партия 23-жүрісте Костенюктің берілгенінен кейін аяқталды.

Бұл — Асаубаеваның биылғы Cairns Cup-тағы алғашқы жеңісі. Бұған дейінгі үш кездесудің барлығында қазақстандық шахматшы тең нәтиже тіркеген. Ол украиналық Анна Музичукпен, үндістандық Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен ұпай бөліскен.

Бесінші турда Асаубаева қара фигуралармен үндістандық гроссмейстер Дивья Дешмухқа қарсы ойнайды.

Cairns Cup 2026 турниріне он шахматшы қатысып, жарыс айналмалы жүйе бойынша өтеді. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды, яғни шамамен 116,4 миллион теңгені құрайды. Турнир жеңімпазына 60 мың доллар немесе шамамен 27,9 миллион теңге беріледі. 

Материал авторы