1 шілдеден бастап полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық істері арыз түспесе де қозғалады

13.06.2023, 19:28
612
1 шілдеден бастап полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық істері арыз түспесе де қозғалады smartnews.kz

1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дуанбеков айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Полиция өкілінің айтуынша, бұдан былай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жәбірленушілердің өтінішінсіз қозғалады, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша хаттама куәгерлердің, көршілердің берген айғақтарына және бейнебақылау камераларының жазбаларына сәйкес жасалады. Қайта татуласу мүмкіндігі болмайды. 

«Егер біз бұрын өтініш қабылданғаннан кейін зорлық-зомбылық құрбанынан өтініш жазуды сұрап, содан кейін барып жауапкершілікке тартқан болсақ, түзетулерден кейін сотқа дейінгі тергеу іс жүзінде басталады. Мысалы, әйел адам ауруханаға түсті делік, оған полиция жасағы барады, жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткен адамға арыз жазғысы келе ме, жоқ па, оған қарамай, тиісті шешім қабылданады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін 5-тен 20 тәулікке дейін қамауға алу жауапкершілігі қарастырылған. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік те күшейді», - дейді полиция қызметкері.

Айтуынша, соңғы шешімді сот шығарады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды