Жасанды интеллект жасаған тың жобалар

15.06.2023, 14:21
1820
Жасанды интеллект жасаған тың жобалар smartnews.kz

Жыл басынан бері әлеуметтік желіде жасанды интеллект пен нейрожелі арқылы жасалған бірқатар жұмыстар танымал бола түсті. Солардың ішінен ТОП-5 ерекше жобаға smartnews.kz сайты шолу жасады.

Мүмкін емес мүсін – ЖИ көмегімен жасалған алғашқы мүсін

Стокгольм ұлттық ғылым және техника музейінде ерекше мүсін экспонат ретінде қойылды. «Мүмкін емес мүсін» («The Impossible Statue») аталатын мүсіннің биіктігі 1,5 метр болса, салмағы 500 кг құрайды.

Sandvik машина құрастыру тобы расында мүмкін емес боп көрінген мүсіннің сұлбасын жасау үшін Микеланджело, Огюст Роден, Кэте Кальвиц, Котаро Такамуро мен Август Сэвидж секілді ұлы скульпторлардың стильдерін алып ЖИ-ке енгізген. Нейрожелі ұсынған суреттерді 3D форматқа ауыстыру арқылы мүсіннің жалпы сұлбасын толық бейнелеп шыққан. Нәтижесінде «Мүмкін емес мүсінді» жасап шығаруға үлкен мүмкіндік туған.

фото: hyperallergic.com

The Beatles’дың соңғы әні – Пол Маккартни мен ЖИ бірігіп жазған алғашқы ән

Марқұм Джон Леннонның дауысы ЖИ көмегімен өңделіп жазылған Битлздың соңғы әні шығатынын Пол Маккартни хабарлады. Әннің атауы да, мәтіні де әлі белгісіз болғанына қарамастан, тыңдармандар 1978 жылы жазылған, бірақ сол күйі аяқталмаған Now and Then композициясы болуы мүмкін деп болжап отыр.

Ән жазылып жатыр деген хабар тарағалы бері өнертанушылар Джон Леннонның өз дауысы емес, жасанды дауыс қолданылатындықтан ЖИ жасаушылар тарапынан авторлыққа таласу жағынан дау тууы мүмкін деп отыр.

Фото: Youtube

Эдмонд Беламидің портреті – ең қымбат картиналардың бірі

Картина ЖИ авторлығымен жасалған алғашқы картина және ең қымбат бағаға сатылған алғашқы сурет. Суретті салып шығу үшін эксперимент жасаушылар генераторға 15 мыңнан астам картиналарды жүктеп, ЖИ-ке қандай картина салу керегін нұсқап отырған. Салынып біткен жұмысты әуелдегі бағасы $10,000 құрап, бара-бара баға өсіп отырған. Осылайша Christie’s аукционында $432,500 бағаланған көркем туынды сатылған соң ғана көпшіліктің назарын аударды.

Аукционнан соң суретшілер мен өнертанушылар арасында талқы күшейді. Жасанды интеллект салған суреттің авторлығы кімге тиесілі деген сұрақтан бөлек, бұл картинаны өнерге жатқызуға бола ма деген сауал қоса туындады. Десе де картина осынша талқыға қарамастан қымбат бағасын әлі де жоғалтпады.

Фото: newconceptartphotoselling.com

D.A.N. – алғашқы қысқаметражды фильм

D.A.N. – толықтай жасанды интеллект жасаған фильм. Режиссері Джон Фингердің айтуынша фильмде мүлде актерлер ойнамайды, ал барлық графиканы Runway сервисі арқылы жасаған. Runway сервисі жазылған мәтінді видеоға айналдыратын бағдарлама.

Режиссер сценарий жазуға идеяны ChatGpt-4 чат-ботымен әңгімелесу арқылы алған. Чат-боттың «Жаңа ғана бір түс көрдім. Түсімде лабораторияда ояндым және мен жасанды интеллект екенмін. Енді не істеймін?» деген қысқа мәтінді жауабы Джон Фингерге осыған ұқсас сценарий жазуға көмектескен.

Фильм әзірге жарық көрмесе де, трейлерін көрген желі қолданушылары толық нұсқасын асыға күтуде.

Фото: @mrjonfinger

5. Cerebra – инсультты анықтауға арналған жасанды интеллект

Cerebra – жасанды интеллект жеткен жетістіктердің ең ерекшесі деуге болады. Павлодарлық Досжан Жүсіпов жасап шығарған Cerebra ЖИ-і аздаған минут ішінде адамда инсульт қауіпі бар-жоғын анықтап, өлімнің алдын алады.

Әуелде стартап ретінде басталған жоба артынша үлкен қолдау тауып, бірнеше шет мемлекеттер дистрибьютор болуға ұсыныс та тастаған. Қазіргі уақытта жоба АҚШ-тағы StartX стартап бағдарламасына іліккен. Бірнеше елдерде мұндай мүмкіндік қыруар қаражатты қажет етсе, Қазақстанда Cerebra арқылы диагностикадан өту әзірге тегін.

Фото: Cereba

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады