Атыраудағы түрмеде сотталған 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған

18.06.2023, 13:35
600
Атыраудағы түрмеде сотталған 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған smartnews.kz

Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталған 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл оларға өз қарызын өтеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облысы прокурорының орынбасары Нұржан Серікұлының айтуынша, сотталғандарды қайта тәрбиелеудің бір тетігі – жұмыспен қамту.

«Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірге пенитенциарлық мекемелерге бизнес иелерін тартып, сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір «Еңбек-Батыс» филиалы мен 14 бизнес субъектісінің киім тігу, қағаз, ағаш, темір бұйымдарын шығаратын, тамақ өнімдерін дайындайтын цехтарында 200-ден астам сотталған адам жалақысы төленетін жұмыстарды істейді. Бұл оларға өз берешегін өтеуге және туыстарына көмектесуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Нұржан Серікұлы.

Оның айтуына қарағанда, түзеу мекемелерінде жұмысқа орналасу еңбек заңнамасымен реттеледі. Қамауда отырған әр адамның бос жұмыс орнына орналасуға құқығы бар.

«Бас бостандығынан айыру орындарында кәсіп ашу бизнес субъектілеріне көптеген артықшылықтар береді. Бұл – дайын инфрақұрылым, объекті мен жабдықтарды қорғау, жалдау ақысының төмендігі, сотталғандардың арасынан білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Жұмыс беруші сотталған адамдарды жұмысқа қабылдау туралы шешімді өзі қабылдайды», - деп мәлі етті Н.Серікұлы.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді