Қазақстандағы Smart қалалар қандай сипатқа ие болады

19.06.2023, 11:41
728
Қазақстандағы Smart қалалар қандай сипатқа ие болады smartnews.kz

Елімізде "ақылды" қалаларды құру шеңберінде бірнеше жоба іске асырылуы мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Smart қаланы қалыптастырудағы басты мақсат - экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени аспектілердегі қажетті ресурстарды қамтамасыз ету арқылы қалалардағы өмір сүру сапасын, қызметтердің тиімділігін, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және басқа да құралдарды пайдалана отырып инновациялық қала жасап шығару.

Сондықтан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Smart қаланы құру 9 сала шеңберінде іске асуы керек деп көрсеткен.

Олар:
- білім саласы
- көлік және жол инфрақұрылымы
- денсаулық сақтау
- қауіпсіздік
- туризм, мәдениет және спорт
- экология
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
- қаланы басқару
- IT-әлеует.

Бұл салаларға қарасты бірнеше тиімді жобалар қарастырылған. Сол цифрлық бастамалардың тиімділігін бағалау облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада мониторинг жүргізуге арналған.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында бірқатар іске асуы керек жобалар төңірегінде мынадай мәлімдеме жасаған еді:

«Біз Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамытуымыз керек. Әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек.
Жалпы, Астананың қазіргі ауыр жағдайын тез арада өзгерту маңызды. Елорданы жаңғырту қажет. Осы мақсатпен қаланың даму стратегиясын қайта қараған жөн. Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс. Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сосын Үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент Әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады. Сіздерден нақты нәтиже күтемін», - деп міндеттеген болатын.

Осылайша, ҚР «ақылды» қалаларының эталондық стандарты қазірде Ашық НҚА порталында ашық қоғамдық талқылауға қолжетімді күйде.

Талқылау 26 маусым күні аяқталады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады