Соттар кейбір бала асырап алушылардың өтінішін Конституцияға қайшы нормаға сүйеніп, қараусыз қалдырған

20.06.2023, 16:58
639
Соттар кейбір бала асырап алушылардың өтінішін Конституцияға қайшы нормаға сүйеніп, қараусыз қалдырған smartnews.kz

Соттар кейбір бала асырап алушылардың өтінішін Конституцияға қайшы нормаға сүйеніп, қараусыз қалдырып келген. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова Парламенттің бірлескен отырысында мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Құқық қолдану практикасы көрсетіп отырғандай, бекітілген тетіктер осы конституциялық құқықты әрдайым толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейді», - деген Конституциялық сот төрағасы нақты мысалдар келтірді.

«Атап айтқанда, Конституциялық сот азамат сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж мөлшері ақылға қонымды, негізделген және мөлшерлес болуға тиіс деп атап өтті. Сондай-ақ, оңайлатылған тәртіппен бала асырап алу туралы сотқа арыз берген кезде молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысы болу міндеттілігі туралы қосымша императивтік талап конституциялық емес деп танылды. Соттар үшін мұндай қорытындының болмауы азаматтың арызын қараусыз қалдыруға негіз болған. Рәсім мемлекеттік органдар мен соттардың бала мүдделерін барынша қамтамасыз ету міндетіне сәйкес келмейді. Бұл – Қазақстан ратификациялаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясының талабы», - деді ол.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады