Ішімдіктің көрсеткіші бойынша еліміз ең ішкіш елдердің қатарында

22.06.2023, 13:50
1210
Ішімдіктің көрсеткіші бойынша еліміз ең ішкіш елдердің қатарында smartnews.kz

Орталық Азиядағы елдердің ішінде арақ-шарап ішуден оқ бойы озып кеткенбіз.

Қазіргі уақытта ел ішінде спирттік ішімдік ішу бұрынғы кездегідей емес, азайған деп жатады. Жастардың басым бөлігі ішімдік пен шылымға мүлде жоламайды. Кей өңірлерде дүкендері ішімдік сатудан бас тартқан ауылдар да бар. Бұл жақсы. 
Дегенмен статистика арақ-шараптың орасан көп мөлшерде сатылып келе жатқанын көрсетеді. Демек, ішімдік ішудің деңгейі әлі де болса бәсеңси қойған жоқ. Шыны керек, бүгінде мәдениетті алқаштар көбейген. Олар көшеде аунап ішпегенімен таза жүріп-тұрып-ақ ішкілікті мөлшерден едәуір артық көлемде судай сіміріп алады. Бүгінгінің адамы оңайлықпен мас та болмайды. Себебі қазіргі күннің арағында алып бара жатқан қуат жоқ. Қанша ішсең де кете береді, ал талтаңдаған мас халге жету үшін бір адам кемі екі шишасын ішуі керек болады. Қазіргі арақ көбіне сырты әшекейлі, өзі қымбаттау, бірақ құрамында қуаты кем, дәрі-дәрмекпен күшейтіп қойған болып келеді. Бір шишасын түгел ішіп алған адам көшеде емін-еркін жүріп, талай ісін тындырып, ешбір қақ-соққа ұрынбай-ақ үйіне әндетіп жетеді.

Ілгеріректе арақ-шараптың қуаты болды, оны абайлап, мөлшерімен ішетін. Үш адам ортадан ақша шығарып бір шиша арақты ішіп, өлең айтып теңселіп қайтатын еді. Қазіргілердің үшеуі жиылса кемі бес-алты шиша арақты ішіп барып орындарынан тұрады. Жеңіл масаң болу үшін үшеуі бір-бірден үш шиша ішсе, жалғастыра келе бес-алтауға апарады. Соның өзінде қатты теңселмей өз аяқтарымен тарқайды. Міне, арақтың көп сатылып, статистиканың өсуінің себебі осында болса керек.

Елімізде арақ-шараптың едеуір көп ішілген кезі коронавирустық карантин мезгілі екен. Ол кезде ішімдіктің сатылу көрсеткіші 21,5 пайызға күрт артқан. Сол артқандағы айырмасының өзі 65,7 миллион литр болып шыққан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының биылғы жыл басындағы дерегі бойынша, қазақстандықтар 2022 жылы жан басына шаққанда 11 литр таза спирт ішкен. Жан басына шаққандағы есепке ішетіндер де, ішпейтіндер де, бала-шаға мен кәрі-құртаң да кіріп кетеді. Сонда нақты ішетіндердің үлесіне 11 литрден он есе көп арақ тисе керек. Шамамен күніне бір шишадан, яғни жартылықтан келіп қалар.

Ішімдіктің көрсеткіші бойынша еліміз ең ішкіш елдердің біріне айналыпты. Біз әлемде 34-ші орындамыз. Көршілерімізді алып қарасақ,  Қырғызстан – 106-шы, Түрікменстан – 114-ші, Өзбекстан – 131-ші, Тәжікстан 134-ші орында тұр.  Сонда біз Орталық Азиядағы елдердің ішінде арақ-шарап ішуден оқ бойы озып кеткенбіз. 
«Finprom» агенттігінің мамандары ішімдік ішу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы аймақ тұрғындарының үлесін есептеп көрген екен. Мұнда Ақмола облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта 15 жастан асқан жасөспірімдерге түгел шаққанда әрқайсысы бір жылда 6 литр ішімдік ішетін болып шыққан. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына 5 литр 900 грамнан, Қарағанды облысының тұрғындарына 4 литр 900 граммнан тура келіпті.

Міне, заман өзгеріп жатыр дегенімізбен де ішімдік ішуден әлі ешкімге дес бермей келеді екенбіз. Елімізде арақ-шарап зауыттары азайғанымен сырттан күн сайын лек-легімен келіп те жатыр.  Жоғарыда айтқанымыздай, сырты жылтырақ, ащылығы жеткілікті, бірақ құрамының қуаты аз болған соң  арақ-шараптың көп ішілетінін адамдардың өздері байқамайтын болса керек. Бұл қайта азайғаны екен. 2021 жылғы көрсеткіште еліміз арақ ішуден тіпті 11-ші орында болыпты.

Арақ деген әзәзіл қазақ арсында кейін пайда болды. Ата-бабамыз татып көрмеген нәрсе еді. Елді тоздырып, ұлттық болмысын жоятын спирттік ішімдіктің әр отбасыға алып келетін қасіреті де аз емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, жан басына шаққанда алкогольдік ішімдіктерді 8 литрден көп пайдаланатын елдің генофонды деградацияға ұшырайды екен. Яғни қаны бұзылып, ұрпағы азады деген сөз. Жоғарыда біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазақстандықтар жан басына шаққанда бір жылда 11 литр таза спирт ішкені  жайлы дерегін келтірдік. Ендеше бұл жеңіл-желпі қарайтын нәрсе емес. Елдің болашағы мен халық, ұлт ретінде сақталуын қарастыратын өзекті мәселе болып тұр.

Арақ-шараптың зиянын адамзат ертеден біліп, сақтанып келген. Рим заңдарында 30 жасқа толмаған жастарға ішімдік ішуге рұқсат берілмеген. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілердің шарап ішуіне тосқауыл қойылған.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген