«Ессіз ғашықпын»: Анар Батырхан алпысқа жақындаған актерге тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты

23.06.2023, 15:11
2606
«Ессіз ғашықпын»: Анар Батырхан алпысқа жақындаған актерге тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты kznews.kz

Белгілі әнші, актриса әрі тележүргізуші Анар Батырхан әйгілі Болливуд актері Шакрух Ханға ғашық екенін айтты.

Бұл туралы БазарLike бағдарламасында айтты.

«Үнді музыкасына деген қызығушылық Шакрух Ханға деген махаббаттан басталды. Шакрух Ханға ғашық болып қалдым. Фильмін көрдім. Болды, басым кетті. Олардың әндеріне, мәдениетіне, фильмдеріне, аксессуарларына қызыға бастадым. Менде өте көп сырға, білезіктер бар. Соған қызығушылық Шакрух Ханнан басталды. Бірақ қазір Шакрух Ханға деген махаббатымды кішкене бәсеңдеттім. Себебі маған тұрмысқа шығу керек», — деді әнші әрі актриса Анар Батырхан.

Сұхбат барысында Анар үнділік актерге ессіз ғашық екенін айтып, ол ұсыныс жасаса, тұрмысқа шығудан бас тартпайтынын жеткізді.

«Ессіз ғашықпын. Жаным… Ол қазір менің атаммен жасты. Егер Шакрух Хан ұсыныс жасаса, әрине, мен тиемін. Жасына қарамаймын. Тап сол Шакрух Хан ұсыныс жасаса, жасына да, ұлтына да қарамаймын. Басқа біреу болса, қараймын», — деді әнші.

Одан бөлек, Анар Батырхан ата-анасының өзін тек қазақ жігітіне тұрмысқа беруді армандайтынын айтқан болатын.

Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды