Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасы жасалады

26.06.2023, 13:02
674
Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасы жасалады smartnews.kz

Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын жасау үшін араб жазуы мен графикасын меңгерген қандас ғалымдар тартылмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы бойынша ХІІ-ХVІІІ ғасырлардағы 160 мыңнан астам қолжазба ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының, Ұлттық кітапхананың, Орталық ғылыми кітапхананың, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қорында шоғырланған. Мәселен, ұлттық орталық қорында 6 мыңнан астам материал сақтаулы. Институт пен орталық ғылыми кітапханада 3600-ден астам қолжазба сақталған», - деп жазылған вице-премьердің жауабында.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, бүгінгі таңда түркі халықтарының жалпы жазуын зерделеу, насихаттау және түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құруды көздейтін жол картасының жобасы әзірленген.

«Онда кириллицаны пайдалана отырып, қолжазба мұраларының тізілімін жасау, құнды даналарды қолжазбалар мен сирек кітаптарды көне түркі, шағатай, араб (қадым, жәдит, төте) тілдерінен мемлекеттік тілге цифрландыру және аудару, ежелгі мәтіндерді жинау, цифрландыру және оларды насихаттау, сараптамалық кеңес құру және ғылыми зерттеулерді жандандыру шараларына қаржы бөлу мәселелері көзделген. Жол картасын қаржыландыру мәселесі қазір мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілген» - дейді Тамара Дүйсенова.

Аталған Жол картасы аясында ұлттық электронды кітапхананың қолда бар платформасы негізінде түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құру, сондай-ақ араб жазуын мен графикасын меңгерген қандас ғалымдарды тарту жөніндегі шаралар пысықталуда.

«Мәтіндерді аудару үшін А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Шығыстану институтының ғалымдары және басқа да түркітанушы мамандар тартылады. Бүгінгі таңда тілдердің түрлері және олардың ортақтығы туралы ғылыми зерттеу жүргізіліп жатыр. Мәтіндерді аудару үшін А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Шығыстану институтының ғалымдары және басқа да түркітанушы мамандар тартылады. Бүгінгі таңда тілдердің түрлері және олардың ортақтығы туралы ғылыми зерттеу басталған», - делінген жауапта.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді