Құрылысқа өзбек, тәжікті қойып, енді африкалықтарды шақыра бастадық

30.06.2023, 10:10
833
Құрылысқа өзбек, тәжікті қойып, енді африкалықтарды шақыра бастадық smartnews.kz

Қазақстанда жұмыссыз жүрген адам көп болғанымен, құрылыстарға жұмысшы жетпейді.

Кәсіпкерлер шет елден келгендерді жұмысқа тартып, еңбегін пайдалануды әдетке айналдырған. Құрылыс компаниялары өзбек, қырғыз, тәжікті қойып, енді қара нәсілді зәңгілерге ауыз салыпты. 

21-маусым күні Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өткізілген екен. Ішкі істер министрлігінің хабарламасында «Мектеп ғимаратын жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерияның 9, Камерун елінің 2 азаматы анықталды», – делінген.

Африкадан келіп, Қонаев қаласында құрылыста істеп жүргендерді тексеру кезінде олардың визалық мерзімі әлдеқашан бітіп кеткені нықталған. Соған қарамай шетелдіктер Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қонаевта жұмыс істеп жүре берген. Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілді.

Қазақстанда заңсыз жүрген тағы бір нигериялық Астанада ұсталды. Африкалықтың Қазақстанда заңсыз жүргеніне бес жыл өтіпті. Осы аралықта ол орайы келген жұмыстарға жалданып күн көріп келген екен. Заңсыз жүргеніне қарамастан, еліне қайтуға ешбір әрекет етпеген, тіпті Қазақстаннан кетуден жалтарған да екен.

Полицияның хабарламасында: «Астана қаласының әкімшілік сотының шешімі негізінде ер адам одан әрі мәжбүрлі түрде елден шығару үшін арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кетті», – делінген.

Астана қалалық полиция департаменті көшелер мен қоғамдық орындарда заңды тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 19-25 маусым аралығында елордада «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Алғашқы екі күннің өзінде шетел азаматтарының елде болу ережелерін бұзуының 300-ге жуық дерегі анықталған. 40 адам әкімшілік жазаға тартылып, 15 адам шекарадан шығарылған. 

Ал таяуда ішкі істер органдарының «Мигрант» операциясы өткізілген еді. Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 9 213 дерегі анықталған. Заңсыз жүрген шетелдіктер 5113 адам болып шыққан. 2 741 шетелдік заңсыз жұмыс істеген, ал 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мысалы, Алматы, Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталған. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент қалаларында, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Алматы, Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарында шетелдік жұмыс күшін бірнеше рет заңсыз тартқан жұмыс берушілер анықталып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Өздерінде болған шетелдіктер туралы полицияға уақтылы хабарламағаны үшін 3 631 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылған.

Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 674 сот шешімі шығарылды. 62 шетелдікке қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғаны үшін азаматтық сот өндірісі жүргізілді. 145 шетелдік елден мәжбүрлі түрде  шығарылды. Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға келуге тыйым салынды.

Ал өз елінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 22 шетелдік Қазақстанда ұсталды. Рейдтерді өткізу кезінде елімізге заңсыз келген Пәкістанның 9 азаматы Жамбыл облысында ұсталған. Өскеменде заңсыз жүрген 12 өзбекстандық жауапқа тартылды. Олар уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеген. Ал жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің болуы туралы хабарламау баптары бойынша жауапқа тартылып, айыппұл төлеген. Шығыс Қазақстан облысының аумағында рұқсат беретін құжаттарсыз жұмыс істеген 40 шетелдік азамат анықталған.

Бәрін айт та бірін айт, елімізге Африкадан келген зәңгілердің заңсыз жүріп, құрылысқа жалданғандары тосын көрініс болса керек. Енді бұдан былай зәңгілердің бізді жағалауы көбейетін болуы да мүмкін-ау. Шыны керек, өзіміз зәңгі көрсек, қарасы жұғып кететіндей айналып өтеміз. Не тіл білмейтін, не пиғылы белгісіз, өздері заңсыз жүрген зәңгілерді ойланбай заңсыз түрде жұмысқа салатын кәсіпкерлеріміз де жүрек жұтқан екен.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды