Қостанай облысы егін алқаптарында шегіртке қаптады

02.07.2023, 19:33
1069
Қостанай облысы егін алқаптарында шегіртке қаптады видеодан алынған кадр

Қостанай облысында шаруалар шегірткеден орасан зор зиян көріп отыр. Әсіресе Жанкелдин ауданындағы алқаптарда шегіртке қаптады.

Бүгінде аталған зиянкестер бір тәулікте алты шаруа қожалығына тиесілі 10 мың гектардай аумақты отап кеткен. Жергілікті диқандар осыны айтып дабыл қағып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты «Қостанай таңы» басылымына сілтеме жасап.

Жер иелері тиісті органдар мәселеге назар салмаса, күнкөріске арқау болып отырған еңбегінің еш кетететініне қынжылады.

«Шегіртке түскелі жалғыз агрегат келді, оның өзінің уы жоқ. Ана тұста жанармайы таусылып ұшақ та қаңтарылып тұр. Киіктен қорғанымыз деп жүргенде, мына жәндігі құрғыр, жан-жағымызды тип-типыл етуде», — дейді жергілікті шаруа Қайрат Райысов.

Бұған қарсы қандай шаралар қолға алынғанын өкілетті орган айтып берді.

«Жағдайдың ушығуына байланысты облысымыздың 1 625 мың га аумағына зерттеу жүргізілген. Оның 445,174 мың гектарын елді мекендер алып жатса, 266,118 мың гектары шегірткеден экономикалық зиян шегудің аз-ақ алдында. Зиянкестер ең көп таралған аймақ - Жанкелдин ауданы, ол шамамен 241,978 мың га аумақты алып жатыр. Мамандар оның 226,043 мың га өңделгенін айтады. Ал Аманкелді ауданында шегірткеден зиян шеккен 14,275 мың га осындай өңделген жер бар. Жанкелдин ауданы жағынан шегірткелердің Науырзым өңірінің шекаралас аймақтары мен кейбір жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егініне зиян келтіре бастағаны туралы фактілер де тіркеліп жатыр. Қазіргі уақытта алдын алу шараларының дер кезінде жүргізілуі себепті шегірткелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы дақылдарынан қайтадан Жанкелдин ауданының далалық аймағына қоныс аударыпты», - деп мәлім етті облыс әкімдігінен.

Шегірткенің таралуын тиісті мекемелер тікелей қадағалап отыр деп сендірді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды