Оралда алаяққа сенген зейнеткерлер 10,8 млн теңгесінен айырылды

11.07.2023, 09:45
506
Оралда алаяққа сенген зейнеткерлер 10,8 млн теңгесінен айырылды gov.kz

Орал қаласында алаяқтарға сенген зейнеткерлер 10,8 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Бисеновтің мәлім еткеніндей, маусымның 17-сінен бастап қарияларды алдаудың 9 дерегі тіркелген.

Оның сөзіне қарағанда, соның ішінде 2 дерек бойынша ҚР 190-бабына сәйкес күдіктілер анықталған. Қалғандары бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Алданғандардың 8-і кейуана болса, біреуі – егде жастағы ер адам. Олар 10,8 млн теңгесінен айырылды.

«Алаяқтар белгісіз нөмірден хабарласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, туысқаны жол апатына ұшырады немесе соның кінәсінен адам зардап шекті деп, оны жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір көлемде ақша керектігін жеткізеді. Сосын қариялардың есін жиғызбай, ешкімге хабарласуына мүмкіндік бермей, талап еткен ақшаны курьер арқылы беріп жіберуін және ол келгенше телефон тұтқасын қоймауды сұрайды. Алаяқтар көбінде үй телефонына қоңырау шалып алдаған», - дейді Н.Бисенов.

Басқарма бастығы орынбасарының айтуынша, жыл басынан бері өңірде 410 алаяқтық қылмыс (өткен жылы осы мерзімде – 685) тіркеліп, соның 200-і анықталып, сотқа жолданды.

Жалпы, алаяқтықтық деректерінің алдын алу бағытында БҚО ПД бастығының бұйрығымен арнайы топ құрылды.

Арнайы компьютерлік техникамен жабдықталған, үздік полиция қызметкерлері, тергеушілер, жедел уәкілдерден құралған топ алаяқтарды анықтау, олардың әрекетіне жол бермеу үшін жұмыс жасауда.

Егер алаяқтардың қылмысы дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Егер біреулер осындай қоңырау шалса, кез келген сылтаумен әңгімені үзіп, сол туысқаныңызға хабарласыңыз. Егер оның телефоны өшірулі болса, басқа туыстарға қоңырау шалып, мәселені анықтап алыңыз. Полиция не прокуратура қызметкері олай қоңырау шалмайды. Ең бастысы, сақ болыңыз. Телефонды тастап, дереу алаяқтық туралы полицияға хабарлаңыз», - деді Нұрлан Бисенов

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды