"Шыдап жүре бермеңіз": Павлодар облысында жүкті әйел күйеуінің соққыларынан қорғану үшін пышақтап өлтірген

07.08.2023, 10:49
772
"Шыдап жүре бермеңіз": Павлодар облысында жүкті әйел күйеуінің соққыларынан қорғану үшін пышақтап өлтірген smartnews.kz

Екібастұз қаласында 31 жастағы әйел ұрып-соғудан өзін-өзі қорғау үшін күйеуін өлтірген. Жүкті әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтып, өзін және құрсағындағы баласының өмірінен қорқып, күйеуін пышақтап тастаған. Бұл туралы smartnews.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Екібастұздық келіншектің айтуынша, ол бірнеше ай бойы күйеуінің қатыгездігі мен қорлығына төзіп, тұрмысы түзеледі деп үміттенген.

"Биыл мамыр айында кезекті рет ұрып-соғу кезінде күйеуім маған пышақпен шабуыл жасады. Өз өмірім үшін және құрсағымдағы балам үшін қорқып, қашуға тырыстым, бірақ ол қайтадан шабуыл жасады. Мен оның пышағын алып алдым. Қатты үрей билегені сонша мен оған пышақты сұғып алдым. Салдары өлімге әкелді. Өкінішке орай, ол қайтыс болды. Қайғылы оқиға кезінде мен жүктілігімнің 23 аптасында болдым. Ол маған бұрыннан зорлық-зомбылық әрекетін көрсететін. Құқық қорғау органдарына қайта-қайта жүгінсем де күйеуім үнемі жазасыз қалатын. Ал үйге келгенде ол өзін агрессивті ұстады", - деді әйел.

Айтуынша, ол бұған дейін жергілікті емханада тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Күйеуімен қарым-қатынасы жақсарады деп төрт ай бойы некеде тұрып, оны бұзбаған.

"Қазір жүктіліктің 35-ші аптасындамын. Үйқамақта отырмын және оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Басқа адамды қасақана өлтіру" бойынша айыпталдым. Менің әрекетім қасақана болмағаны туралы дәлелдер бар. Бірақ мұны ешкім тыңдамай жатыр", - деді Екібастұз қаласының тұрғыны.

Күдікті өз өтінішіне оқиға орнынан күйеуімен жанжалдасып қалған сәті түсірілген видеоны тіркеген, кадрларда ер адамның әйелді ұрып жатқаны көрінеді.

"Шыдап жүре бермеңіз, уақытында кету керек. Өйткені бұл өмірде қауіптің қайдан келері белгісіз. Қазір мен үшін өте қиын, болған оқиғаға қатты өкінемін", - деді әйел.

Павлодар облысының полиция департаменті Екібастұз қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қазірдің өзінде сотта қарауға дайындалып жатқанын хабарлады.

Ал, әйел көмек сұраған Дағдарыс орталығы оған қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

"Әрине, әйелдің аффект жағдайында болғанын дәлелдеу өте қиын. Сондықтан өз-өздерін қорғаймын деп осындай жайтқа тап болған әйелдердің көбі қазір колонияда. Дегенмен мұны дәлелдеуге де болады. Тек құқық қорғаушылар үшін кісі өлтіру деп істі жабу оңайырақ. Біздің тәжірибемізде бұл үнсіз қалатын жағдай емес. Қазір билік, депутаттарға үндеу жариялап, жан айқайды жеткізуге болады. Процесс біздің және қоғамның бақылауында. Соттың әділ өтуін талап етеміз", - деп түсіндірді "Дағдарыстық орталықтар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Зульфия Байсақова.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды