Қытайдағы Қазақстандағы құрылыс саласына инвестиция құюға мүдделі

20.08.2023, 19:37
559
Қытайдағы Қазақстандағы құрылыс саласына инвестиция құюға мүдделі gov.kz

Қытай құрылыс конгломераты Қазақстандағы құрылысқа инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейжіңде вице-премьер Серік Жұманғарин мен «Beijing Huanju Commercial Management Co.» (Wanda Group-тың еншілес компаниясы) бас директоры Дин И Қазақстандағы ірі нысандардың құрылысына инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылаған.

Қытайлық компания Астанада бес жұлдызды қонақүй, коммерциялық кешендер, автотұрақтар және басқа да ірі нысандар құрылысына инвестиция салғысы келеді. 

«Астанадағы жобаларыңыз басқа құрылыс компанияларына үлгі болуы керек. Бұл тұрғын үй кешені, мектеп, балабақша, демалыс аймағы, сауда орталығы, автотұрақ, кинотеатр және басқа да нысандарды қамтитын адамға қолайлы экожүйе болады деп ойлаймын. Астана – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Мұндағы жылжымайтын мүлік тиісті талаптарға сай болуы керек», — деді Серік Жұманғарин.

Сауда және интеграция министрі жоғары деңгейде қарастыру үшін ұсынылған жобалар эскиздерін қазақстандық тарапқа беруді ұсынды. Оған қоса министр Қазақстанның ірі қалаларында заманауи сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысын қарастыруды ұсынды.

«Қазақстанның ірі қалаларында осындай инфрақұрылым жетіспейді. Бүгінде Қонаев қаласының бас жоспары қабылданды, батыста Ақтөбеде халық саны 600 мың адамға жетті, оңтүстікте – Шымкент, Қызылорда жақсы қарқынмен дамып келе жатыр, солтүстікте – Қостанай, шығыста – Өскемен, онда 1 млн-нан астам адам тұрады. Сауда-саттық саласындағы инвестициялардан бастауды ұсынамын. Егер қызық болса, Қазақстанның басқа қалаларында девелоперлік жобалар ұсына аламыз», — деп түйіндеді вице-премьер.

Айта кетсек, «Wanda Group» – әлемдегі ең ірі 500 корпорация қатарына кіретін қытайлық көпұлтты конгломерат компаниясы. Ол жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, инвестициялар, ойын-сауық индустриясы, денсаулық сақтау және жоғары технологияларға маманданған. Қазіргі уақытта компанияның әлемнің 180 қаласында 286 қонақүйі бар.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды