Астанада Семей полигонынан зардап шеккендердің мәселесі талқыланды

30.08.2023, 13:22
811
Астанада Семей полигонынан зардап шеккендердің мәселесі талқыланды gov.kz

Астанада  «Семей полигоны: адамдар мен тағдырлар, шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған іс-шараға Астана қаласының қоғамдық кеңесі мүшелері, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. 

«Бүгін тарихи күн. 1991 жылдың 29 тамызында әлемде Невада полигонынан кейінгі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонының жабылуы туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл кездесуде осы тарихи оқиғаны еске алып, талқылау үшін жиналып отырмыз», – деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова.

Бұдан соң дөңгелек үстел басына жиналғандар Семей полигоны зардабынан қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Әрі қарай «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының гимнін тыңдап, атқарылған істер туралы бейнебаянды тамашалады.

Алғашқы сөз кезегін алған «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының төрағасы Әбдікәрім Болатбек полигоннан зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады. Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев, «ҚР Семей ядролық сынақ полигоны ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Ержан Дүйсенбаевтар өз ойларын ортаға салды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды