"Адам еңбегін жеп жатыр": Желіде атыраулық тұрғынның төсемтастарды қиратып жатқан видеосы тарады

31.08.2023, 15:14
650
"Адам еңбегін жеп жатыр": Желіде атыраулық тұрғынның төсемтастарды қиратып жатқан видеосы тарады Бейнежазбадан

Желіде желдей ескен бейнежазбадан жұмыс берушілерге өкпелеген жас жігіттің төсемтастарды қиратып жатқанын көруге болады. Ол өзін жалақысын толық алмаған жұмысшы ретінде көрсеткен. Яғни, оны жұмыс берушілер алдап, еңбекақысын бермей қойған-мыс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған оқиға қаладағы Құлманов пен Гагарин көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолында орын алған. Осыған орай, Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау қалалық әкімдігінен түсініктеме беруді сұрады. Анықталғандай, бейнежазбадағы жігіт бұл әрекетке "хайп" жинау үшін барған екен. Бірақ балағат сөздер айтқаны үшін өкінетінін айтады. 

"Аталған азамат хайп қуып, заңбұзушылыққа барғанын мойындады. Енді ол мемлекет мүлкін бүлдіргені үшін әкімшілік жазаға тартылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни,  69 мың теңге айыппұл арқалады. Тексеріс барысында оның ешқандай мердігер немесе басқа да мекемелерде жұмыс жасамайтыны анықталды", –  дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова. 

Қазір аталған іс сотқа жолданды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды